Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада бөтелкелесін балғамен ұрып өлтірген азаматқа сот үкімі шықты

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 54 жастағы сотталушыға қатысты қылмыстық істі қарап, айыптау үкімін жариялады.

GEDSC DIGITAL CAMERA

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Биылғы жылдың 14 шілдесі күні сотталушы Т. саяжайдағы апасының үйінің маңынан өтіп бара жатқан таныс әйел жәбірленуші Д-ны кездестіріп, екеуі бірге саяжай ауласында отырып, ішімдік ішкен.

Отырыс барысында мас күйіндегі Д. сотталушы Т. мен оның марқұм болған інісі екеуі үй-жайлары жоқ қаңғыбас екендерін айтып, намысқа тиер сөздермен балағаттаған. Бұдан кейін араларында жанжал туындаған. Сол сәтте, мас күйіндегі сотталушы Д-ны ұрып-соққан.

Осыдан соң, азамат Т. сәкі жанында жатқан темір сапты балғамен жәбірленушінің басынан ұрған. Жәбірленуші Д. үйге жүгіріп кіріп, жасырынбақшы болған. Алайда, сотталушы Т. оны үйдің ауласына қайта алып шығып, басынан балғамен тағы бірнеше мәрте ұрған. Ауыр дәрежедегі дене жарақаттарын алған жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.

Одан кейін, сотталушы жәбірленушінің ұялы телефонын алып, Д-ның денесін үй ауласындағы жерге көміп тастаған.

Сот үкімімен сотталушы Т. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру) және 188-бабының 1-бөлігімен (ұрлық) кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын  қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Ұзынағаштағы қанды қылмысқа қатысы бар күдіктінің анасы ұлының адам өлтіргеніне сенбей отыр

Алматыда жоғалып кеткен бойжеткенді өз жігіті ұрлаған

Ақтөбеде анасы тастап кеткен қос бүлдіршін әкелерімен бірге көшеде түнеп жүр

Талқылау