Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада бір мезетте 25 бүлдіршіннің тұсауы кесілді (фото)

Бүгін Наурыз мерекесі күні Қызылордадағы орталық алаңда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 25 бүлдіршіннің тұсауы кесілді.

қызыл4

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бастап, Ұлы отан соғысының ардагерлері, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев пен қоғам қайраткерлері, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, батыр аналар және елімізге танымал тұлғалар бір мезетте 25 баланың тұсауын кесті. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

 

Қызыл

«Қатты толқып тұрмын. Әлихан деген ұлымның тұсауын облыс әкімі кесті. Бұл біздің отбасымыз үшін ерекше есте қалатын күн болды. Баламыз осы азаматтар сияқты еліне қалаулы болуын қалаймыз», – дейді кішкентай Әлихан Бексейіттің анасы Элмира Төлегенова.

 

қызыл1

«Менің ұлым Бексұлтанның тұсауын Ұлы отан соғысының ардагері Ыдырыс Қалиев атамыз кесті. Ұлымыз ардагер атасындай батыр, ержүрек, Отанын қорғайтын ер болсын деп тілейміз», – дейді Бексұлтан Жаңалының анасы Ақбота Рысбаева.

Тұсауы кесілген балақайларға «Даналық әліппесі» тарту етіліп, ақсақалдар ақ батасын берді.

қызыл2

қызыл3

 

Талқылау