Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада білім мекемелері жанынан ашылған сауналарда жезөкшелер еркін жүр (фото, видео)

Қызылорда тұрғындарын бiлiм мекемелерiнiң жанынан ашылып жатқан сауналар жайы алаңдатады,-деп жазды Stan.kz.

сау4
Расымен, соңғы уақытта мектеп пен балабақша жанынан қызмет көрсетуiн бастаған мұндай демалыс орындарын көптеп кездестiруге болады. Мәселен, суреттегi мына қаланың қақ ортасында орналасқна сауна бөбекжаймен көршi болып отыр.

сау

” Менiң ұлым осы балабақшаға барады. Дәл қасында сауна бар. Өздерiңiз бiлесіздер, мұнда тек жуыну үшiн келетiндер аз. Жеңiл жүрiстi қыздар толып жүредi. Ол қыздарға дені мен ойы сау адам келмейтіні белгілі. Балаларымыз үшiн алаңдаймыз” -, дейдi ата-аналардың бiрi.

сау3

Өкiнiшке орай, балабақша не сауна басшылығымен сөйлесу мүмкiн болмады.

“Ақмешiт” мөлтек ауданында орналасқан № 6 мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған мектеп-интернат та саунамен көршi болып отыр. Бұларға тiптен қиын. Интернатта қонып оқитын тәрбиеленушiлер күнделiктi айқай- шуға үйренiп кеткен.

сау2

Бiздiң түсiрiлiм тобымыздың жiгiттерi осындай сауналардың бiрiне бас сұғып, жезөкшелердiң жұмыс істейтінін де анықтады. Көрсетiлетiн қызмет құнын тiзбектеп шыққан келiншек, жеңiл жүрiстi қыздардың сұранысқа ие екенiн де айтып қалды.

Ал жасы 20-25 шамасындағы қыздар Қызылорда мен Шымкент, Тараздан келіп жұмыс істейді екен.

Оқи отырыңыз:

45 жастағы қыз: Ең қиыны әрі қорқыныштысы жалғыз қалу екен

Белгілі модель Шымкентке келін болған азапты жылдары жайлы ашық айтты (фото)

Айқын мен Жұлдыздың үйленуіне орай әріптестері өз ойларын ашық айтты

Төреғали Төреәлінің не себепті тойларға оққағармен баратыны белгілі болды (фото,видео)

Қызылорда облысындағы ең сымбатты бес шенеунік (фото)

Елімізде соғыс ардагерлеріне жарты миллион теңгеден таратылмақ

Талқылау