Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада биліктегілер көмек сұраған екі мүгедек баланың анасына үйді ипотекаға алуды ұсынды

Екі мүгедек баласын аяққа тұрғызу үшін көшеде көмек сұрауға әзір болған ананың жайы Қызылорда облысының әкіміне де жетті.

Бүлдіршіндердің сүйек кемігі шетелде ауыстырылуы керек болған. Балалардың қымбат тұратын медициналық тексерісіне материалдық көмек көрсетіліпті. Ал әкімдік өкілдері баспана мәселесін ипотекалық несие арқылы шешуді ұсынып отыр. Эльмира аймақ басшысының жеке қабылдауынан соң үміт оты оянғанын айтады. Әр баладан құны 300 мың теңге тұратын анализдер алынған, деп хабарлайды Астана арнасы.

Астанаға барып, сараптаманы мәскеулік медициналық-генетикалық орталық филиалында тапсырған.

Қырымбек Елеуұлы барынша жақсы қабылдады бізді. Рахмет көп-көп, көмектесті. 600 мың берді. Балаларға анализге 540 мың теңге кетеді. Облздравтың есебімен, тексеруден өтіп, өздерінің қойған сомасы”, – дейді Қызылорда қаласының тұрғыны Эльмира Ақмырзаева.

Отбасы тұрғын үй кезегіне 2015 жылда тұрған. Қазір 7 329 болып тұр. Аймақта жылына орташа есеппен 200-300 пәтерден пайдалануға беріледі. Демек, 20 жылдай күтуге тұра келеді. Уақытша тұратын пана ретінде қала билігі Ақмырзаевтар отбасына екі баспана ұсынған. Бірақ апатты үйде балалармен тұруға жүрексінеді. Шенділер «Нұрлы жер» бағдарламасымен пәтер алуды ұсыныпты.

“18 жыл төлейсің дейді. Айына 51 мыңнан, 12 миллиондай болады екен. Первоначальный взнос 500 мың тенге дейді. Таксимен арқалап жүремін, маршрутқа міне алалмаймын бұл балдармен. Көбіне жол-пұлға, дәріге кетеді. Тамаққа жетпей де қалады. Мен қорқамын”, – дейді  Қызылорда қаласының тұрғыны Эльмира Ақмырзаева.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асырушы «Бәйтерек Девелопмент» компаниясы қиындыққа тап болған жалғызбасты анаға жеңілдік қарастырыпты. Мұны әкімдік өкілдері айтты.

“Бұл жерде 30 процент емес, 500 мың теңге, 400 мың теңге первоначальный взнос салып алатын мүмкіншілік жасадық. Қазіргі уақытта ол кісінің құжаттары «Бәйтерек Девелопмент» акционерлік қоғамына жіберілді, ол кісілер бізге жалдау келісімшартын жіберу керек”, – дейді Берік Сәрменбаев.

Бүгінде екі тарап келісімге келген. Сәтін салса, 1-2 ай ішінде 2 бөлмелі пәтерде қоныс тойын тойламақ. Ендігі мақсат – бастапқы жарна – 500 мың теңгені табу. Ол үшін мүгедек балалардың анасы еден жуып, үй шаруасына да көмектесуге дайын.

Тағы оқыңыз:

Балқашта 3 жасар баланы өлтіріп тастаған

ШҚО-да шанамен сырғанаған оқушы қыз мерт болды

Қазақстанда қайыр сұрап жүрген қыз: Әке-шешеммен бірге тұрсам, киімім мен тамағым болса деп армандаймын

Талқылау