Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада бейтаныс адамның қолынан кәмпит жеген балалар жаппай ұшынып қалды

Бүгін зардап шеккен оқушылардың саны 12-ге жетті. Оларға тәттілерді дүйсенбі күні көшеде бейтаныс адам берген екен. Қазір соны полиция тексеруде, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

aa01bf0fcc2bf47ec5ee5c01d11d2843

Оқиға қала маңындағы Тасбөгет ауылында болған. Сабақтан шыққан № 176 мектептің алтыншы сынып оқушыларына әлдекім құтыдағы тәттілерді беріпті. Кәмпит Қазақстанда шығарылмаған сыңайлы. Оны жеген жеткіншектердің жүректері айнып, шетінен лоқсыған. Бұл жағдайға қатысты сотқа дейінгі тексеріс басталды. Жергілікті полиция қызыметкерлері кәмпит берген адамды іздестіруде. Ал ауруханаға жеткізілген 12 баланың 6-уы үйіне жіберілсе, қалғаны әлі сонда жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте 11 айлық сәби тәуіпке көрсеткеннен кейін қалшылдай селкілдеп шетінеп кеткен

Алматы ауруханасында қайтыс болған бүлдіршіннің анасы бұған дәрігерлерді кінәлауда

Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түскен жігіт халықтың үрейін ұшыруда

Талқылау