Қызылордада балабақша тәрбиешісі несие алып берем деп тұрғындардан ақша алып алдап кеткен

Қызылорда облысында “төмен пайызбен несие алып беремін” деп талай адамды тақырға отырғызған әйел сотталды. 40 жастағы Шиелі тұрғыны ол үшін аудан тұрғындарынан 300 мың теңгеден сыйақы алған көрінеді.

Бірақ алданғанын кеш түсінген жұрт сотқа арызданыпты. Осыдан соң Динара Ибраеваның үстінен қылмыстық іс қозғалып, ол үш жылға бас бостандығынан айрылады. Бірақ тұрғындарды қайран қалдырғаны, алаяқтық ісі бойынша сотталған келіншек қазір мемлекеттік бала-бақшада жұмыс істеп келеді екен, деп хабарлайды Евразия.

Шиелі кентінің тұрғыны Әбуова Бибіайым балабақшаға келуді күнделікті әдетіне айналдырған. Алайда ол тәрбие ошағына әдеттегідей баласын беруге емес, ақшасын қайтару мақсатында келеді. Себебі жеңілдікпен несие алып беремін деген Ибраева Динара осында тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істейтін көрінеді. Жәбірленуші қолында соттың үкімі болса да отбасынан жырып, алаяқтың қолына әкеп берген 300 мың теңгесін қайтара алмай отыр.

“Өндірілуге берілген ақшамызды қайтара алмай отырмыз. Сондай кісі осы мемлекеттік балабақшада тәрбиеші болып қызмет жасап жатқанына мен қайран қаламын. Ол балаларға қандай тәрбие беретіндігіне мен түсіне алмаймын. Бірнеше рет келіп біз жағдаймызды айтып, ақшамызды қайтаруын өтінген болатынбыз. Бірақ әлі бір тиын қайтарылған жоқ” – дейді жәбірленуші Бибіайым Әбуова.

“Төмен пайызбен берілетін несиеге қарық боламыз” дегендердің саны жиырма адамнан асып жығылады. Барлығының да оқиғасы бірдей: “банктен аз мөлшердегі пайызбен несие алып беремін” деп сендірген келіншекке ақшаны қолына әкеп беріпті. Жұртты тақырға отырғызған алаяқтың ісі сотқа өткенде, ол елден алған ақшасын қайтарып беремін деген көрінеді.

“Уәдесін береді сотқа барған кезде. Ойбай, ай сайын 50 мыңнан бөліп беремін деп қолхат та жазып берген. Қолхаты қолымызда тұр, бірақ бермейді. Сотталды, шартты түрде усолвный алды үш жылға. Екі рет алды” – дейді жәбірленуші Пернеш Қалдыбаева.

Біз тұрғындарды зар еңіреткен Динара Ибраева жұмыс істейтін бала-бақшаға да бардық. Бір қызығы, мекеме басшылығы өз қызметкерінің сотқа тартылғанын білмейтін болып шықты.

“Сотталған анықтамасы жоқ! Сотталмаған деген анықтама әкеп берді. Жұмысқа түсетін кезінде анықтама алдырттым сотталмаған деген ЦОН-нан”, – деді “Аққайың” мемлекеттік бөбекжайының меңгерушісі Гүлжан Ысқақова.

Осылайша басшы өз қызметкерінің жұмыс уақытында қайда кеткенін дөп басып айта алмады. Ал, Қызылорда облыстық соты Ибраева Динара расында екі рет сотты болғанын жеткізді.

“Алаяқтық қылмысың бірнеше рет жасағаны үшін 3 жыл бас бостандығынан шектеу жазасына сотталып отыр. Сот отырысы барысында сотталушы жәбірленушілерге келтірілген шығындарды ішара толтырғандығын айтып алаяқтық жасаған қылмысың толық мойындаған және өкінгендігін білдірген. Сот оны жеңілдету мән-жай ретінде қарастырған” – дейді Қызылорда облыстық сотының ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ардақ Смағамбетова.

Дегенімен, “өкіндім, алған ақшамды қайтарамын” деген келіншек бүгінде сөзінен тайып отыр. Сондай-ақ, сұхбат беруден бас тартты. Соттағылар Ибраеваның қылмысы жеке, жұмыстан тыс жасалғандықтан іс азаматтық ретте қаралғандығын жеткізді. Сол себепті балабақшадағы жұмысына тосқауыл бола алмайды екен. Ал, алданған Шиелі тұрғындары болса басқа қай жерге арызданып, өз ақшаларын қалай қайтарарын білмей отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.01.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар