Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада дәретханаға шыққысы келген баланы балабақша тәрбиешілері суық күнде далаға шығарып қойған

Көпшіліктің жағасын ұстатқан бұл жағдай Шиелі ауданына қарасты Сұлутөбе  ауылындағы «Раушан»  балабақшасында болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бөбекжай қызметкерлері баланы күннің салқындығына қарамастан далаға шығарып дәретке отырғызған. Тәрбиешілер баланы ұмытып кетіп, бүлдіршін салқында отырып тоңып қалған. Дәретте отырған баланы кешкілік уақытта ата-аналардың бірі көріп қалып ішке кіргізген.

Аталған іс бойынша балабақша меңгерушісімен сөйлескен едік. Бөбекжай басшысы баланы далаға шығарып қойған қызметкерлерге тәртіптік шара қолданғанын айтты.

«Бала үлкен дәретке шығатын болған соң далаға отырғызып қойған. Ол дәретханаға барып үлгермейтінін айтқан. Бірақ ұзақ отырып қалыпты. Кінәлілердің бәріне сөгіс берілді. Мұндай жағдайлар алдағы уақытта қайталанбайды», – деді балабақша меңгерушісі Смакүл Елжанова.

Тағы да оқыңыз:

Маңғыстауда күзетшілер 10 жасар қызды жол жиегіне сүйреп бара жатқан ер адамды ұстады

Бұрынғы әйеліне ренжіген Астана тұрғыны оның басынан аяғына дейін айран құйып тастады

Бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің әйелі күйеуінің 3 жылға сотталып кеткенін айтты (видео)

Талқылау