Қызылордада арнайы зерттеу барысында қайыршы болып киінген жігіттің бір күні

Бейсенбі, 11 Ақпан , 2016 19:41

Бұл жігіттің есімі – Бақытжан Құрманбек. Болашақ актер. Қазірдің өзінде театралдық қойылымдардың түрлі рөлдерін сомдап жүрген жігітке бір күн қайыршы кейпін киіп, көшеде жүруін өтіндік. Қысыла келіскен жігітпен жасалған зерттеуімізді назарларыңызға ұсынамыз.

0S5A1972

Зерттеуді  Stan.kz сайтының Қызылордадағы тілшісі жүргізген болатын.

0S5A2010 (1)

Қызылордадағы Мәншүк Мәметова атындағы «Өнер» бөлімінің 3-курсында білім алып жатқан Бақытжанды алдымен студиямызда түсірдік. Шұрық-тесігі шыққан киім бозбалаға жараса қалды. Ең қиыны осы түрімен көшеге шығып, таксиге міну болды. Бірақ өзін қайраған студент базарға қарай бет алды. Қызылордадағы «Ескі базар» қайыршылардың көп жүретін жері. Көп ұзамай, қайыр сұрап күн көріп жүрген азаматтың жанына барып жайғастырдық. Қолындағы нанынан қасындағы көршісіне үзіп берді. «Нанымды рахмет деп алғанына қарамастан, ол кісі мені жақтырмады. Ақшаны оған емес, маған беріп кететіндерді көргенде ренішін білдірді», – дейді Бақытжан.

0S5A1992

Мұнан соң, Бақытжанмен ілесіп Қорқыт ата мемориалды кешеніне қарай ілестік. Мұнда көлік жүргізушілерінен ақша сұрап жүрген қайыршының қасына қосылды. Жанынан қуса да, болашақ актер кетпеді. Шыдамы таусылған қайыршы өзі қашып кетті. Осы уақыт аралығында рөлге кіріп үлгерген Бақытжан тәжік әйелдің жанына көпірге барып жайғасты. «Бәсекелесіне» қуанбаған ол «кет» деумен болыпты. «Бұл кісі өз кәсібін әбден меңгеріп алған екен. Жанымыздан өткендердің барлығы ақшасын соған тастап кетіп жатты. Қай тілде екенін білмеймін рахметін айтып жатты. Ал маған балағат сөздерін жаудырып, айналасынан қуды», – дейді болашақ актер.

0S5A1982

Бірнеше сағат көше кезген Бақытжан бір мезетте бірнеше сезімді басынан өткергенін айтады. Қатты ұялып-қысылғанын жеткізді. «Қайыршыларға көпшілік жеккөрінішті көздерімен қарайды. Кішкентай балалар тіпті қатты қорқады екен. Бірақ, олардан қоғамға келетін қауіп жоқ екенін түсіндім. Қайыршылар да қарапайым адамдар. Жай ғана олардың тағдырлар  басқаша», – дейді Бақытжан.

0S5A2020

 

Бұрын-соңды көпшіліктен Қызылордадағы қайыршылар территорияға таласады дегенді естуші едік. Бүгін осы ақпараттың қаншалықты рас екенін білу үшін арнайы зерттеу жасап көрдік Расымен, жұрттан тиын сұрап күн көретіндер айналасына басқа жарымжанның отырғанын қаламайтынына көз жеткіздік. Ал, болашақ актер Бақытжан бүгінгі сомдаған рөлін өмір бойы ұмытпайтынын айтты.

0S5A2023

0S5A2029

0S5A1943

0S5A1950

0S5A1963

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев

Пікір қалдыру


Жұмбақ жан
9 ай 1 күні кері

Оте киын жумыской…нагыз ержурек жигит екен…булай кошеде журі ен созбен жеткізу мумкін емес….

Жұмбақ жан
9 ай 24 күні кері

Шүкіршілік ете біл өйткені ертеңгі күнің бір Аллаға ғана аян.

Жұмбақ жан
9 ай 25 күні кері

Казир кайыршыларга онай емес Кызылордада кун суытып кетти

Жұмбақ жан
9 ай 26 күні кері

Жараисындар тамаша репортаж деима блмеимын аитеуыр тамаша жумыс екен… осындаи жумыстардын коп болу мены жане кызлордамды коркеитып осруге кишкене болсын септыгын тигызет деп сенем…

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар