Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада 81 жастағы кейуана ВИЧ жұқтырып алған

Қызылордада 81 жастағы кейуана ВИЧ жұқтырып алған. Ол ауырып, ауруханаға түскен кезде ВИЧ жұқтырғаны анықталған.

Қызылордада 81 жастағы кейуана ВИЧ жұқтырып алған

Бұл туралы BNews.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қызылорда облыстық АИВ/ЖИТС-тың алдын алу және емдеу орталығының баспасөз хатшысы Әсел Оразалиеваның айтуынша, кейуана ауырып, ауруханаға түскен кезде АИВ жұқтырғаны анықталған. Онда тиісті талдаулар жасалған екен.

«Анықталғандай, әжейдің АИВ-тың не екені жөнінде түсінігі аз. Біздің мамандар онымен жұмыс істеп, көп нәрсені түсіндіріп жатыр. Әзірге науқастың АИВ-ты қалай жұқтырғаны белгісіз. Алайда дәрігерлердің болжамы бойынша, әжейдің қауіпті дертті жұқтырғанына кемінде 5 жыл болған», – дейді Әсел Оразалиева.

Айта кетсек, кейуана Қызылордадағы ЖИТС-орталығындағы егде жастағы жалғыз пациент емес. Қазақстанда аталған дерт тіркелгеннен бастап, Арал маңында АИВ жұқтырған 5 адам тіркелген.

Оқи отырыңыз:

Еміне бүкіл әлем болып көмек қолын созған тараздық қыз қайтыс болды

Атырауда жолаушылар тасымалы үшін ескі көліктер сатып алған компания үлкен дауға қалды

Қазақстандық мектептер латын қарпі бойынша білім беруге қашан көшеді?

Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің бірінен аясуыз соққыға жығылған мұғалім табылды

Талқылау