Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда жылу электр станциясында үйінді астынан жұмысшының денесі табылды

Құтқарушылар Қызылорда ЖЭС-да мұржаның опырылып түсуі салдарынан қаза тапқан ер адамның денесін үйінді астынан алып шықты, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

2242063

Жексенбі күні кешке бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатқанда, станцияның мұржасы бұзылған. Бөлшектеу жұмыстарын “Алтын ЛТД” ЖШС-нің екі жұмысшысы жүргізіп жатады, олардың бірі төтенше жағдай салдарынан ауруханаға жатқызылып, екіншісі үйінді астында қалған болатын. “Бүгін 03:45-те Оңтүстік аймақтық аэромобильді жедел құтқару жасағының кинологиялық тобы үйінді астынан екінші жұмысшының денесін алып шықты”, — деп хабарлады Иманқұлов. Оқиға орнында 60 құтқарушы, оннан астам техника, екі кинологиялық топ жұмыс істеген.

Тағы да оқыңыз:

Зейнетақы жинақтарына қатысты қазақстандықтарды толғандыратын өзекті сұрақтардың жауабы

Еліміздің бірнеше облысында үсік жүреді

Танымал қазақстандық журналисті пойызда пышақтап кетті

Талқылау