Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда журналистері мерекеде өздеріне берілген сыйлықты жұртқа көрсетуге ұялған

Қызылордалық журналистер  төл мерекелеріне орай  облыс деңгейіндегі құттықтаулар мен өздеріне көрсетілген сыйға көңілдері толмаған. Тіпті мұны қалжың немесе әжуалау деп түсінгендері де болыпты. Облыс орталығынды  27 маусым күні өткен құттықтау жиынынан шыққан тілшілер болған жайтты Facebook желісінде үлкен талқыға салды.

сыйлықққ

Журналистер қауымы алдымен өздерін құттықтауға жарамаған облыс басшысы Қырымбек Көшербаевқа реніштерін жазған.

«Дәрігерлер күнінде аймақ басшысы өзі келіп құттықтады. Полицейлер күнінде де өңір басшысы өзі болды. Неге журналистер күнінде Қырымбек Көшербаев болмады? Орынбасарлары да қарасын көрсетпеді. Байқадамов пен Нәлібаевқа мың алғыс, елегендеріне. Қырымбекке қаламгерлер құнсыз ба?»,- деп жазды журналист Ерқанат Сәрсенбай.

Аталған мәселені қызу талқылаған журналистер кәсіби мерекеге орай ұйымдастырылған шараның деңгейі төмен болғанына, сыйлыққа қазір көпшілік ұстайбермейтін (шенеуніктер жұмыс уақытында ұстауға міндеттелген) қарапайым қоңырау шалуға ғана арналған телефондар берілгеніне таң қалған.

Бірі Қырымбек Көшербаев тілшілерге жай қалта телефонын табыстауға ұялып келмеді десе, енді бір аймақ басшысының жұмыс кестесі қауырт екенін алға тартты. Ал, кейбіреулері 2008 жылы қызметтік сапарда  ұшақ апатынан көз жұмған жас журналист Сахитжан Бермағанбетовтің ата-анасына лайықты құрмет те көрсетілмегеніне өкпелеген.

«Сол кеште белгілі журналист марқұм Сахитжат бауырымыздың ата анасыда арнайы шақырылыпты елеусіз қалғаны соншалықты сахнаға шығарып құрмет көрсетіліп сөз бермек түгілі бір тал гүлде ұсынылған жоқ», – деп жазды журналист Оңғар Саймасаев.

Журналистердің қызу талқылауына облыс әкімінің баспасөз қызметінде жұмыс істейтін мамандар да араласты.  Олар тілшілердің жалақысы өздеріне қажетті телефонды алуға жететінін айтып, бюджет ақшасын барынша үнемдеп жатқандарын жазған.

«Сәлеметсіздерме! Облыс әкімі дүйсенбі күні Астанаға барып, ЕБРР-мен келісімге қол қойып қайтты. Сыйлыққа қатысты – байқасаңыздар, биыл жалпы қаржы үнемдеуге бағытталдық. Концерттік бағдарламаны білмедім, мүмкін, нашарлау болған шығар. Айып етпеңіздер. Сыйлық ұнамады деген реніш біртүрлі сияқты… Құдайға шүкір, бәріңіз шетінен мықты мамансыздар, айлықтарыңыз қалаған затты сатып алуға жететін шығар», – деп жауап жазды Мария Омарова.

Журналистерге сыйлық ретінде қалта телефондары мен планшеттер табысталды. Ал, кей тілшілерге ноутбук берілген болатын.

 

 

Талқылау