Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда тұрғыны суықтан тоңғандықтан жиһаздары бітіп, үйінің еденін жаға бастаған

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының тұрғыны Серікбай Ахметов суықтан тоңғандықтан, жиһаздары бітіп, үйінің еденін жаға бастапты.

Безымянный

Бұл туралы 31 арнаның сайты хабарлайды.

Жалғыз өзі тұратын қарияның айтуынша, бірнеше жыл бойы кезек күтіп алған пәтері қазір тұрып жатқан үйінен де ескі көрінеді. Сондықтан тоз-тозы жеткен баспанамнан айырмашылығы жоқ пәтерге көшкенше, өзімнің үйімде тұра бергенім жақсы,- дейді.

Мына жағатын заттарымның бәрін жағып болдым. Киімдерімді жақтым, аяқ киімімді жақтым. Үйдің қасында қоқыс бар, одан да жанатын заттардың  бәрін жақтым. Гарнитурымды жағып жібердім кухонный. Амал жоқ мына полдың тақтайын жағып отырмын қазір.

Алпысты алқымдаған Серікбай бүгінде еденнің ағаштарын отын етіп  пешке жағады. Жалғыз зейнетақымен күнелткен ол одан басқа амалым да қалмады дейді. Айтуынша, анасынан қалған ескі  үйде жалғыз тұратын қарияның көмір сатып алуға жағдайы да келмейді. Ал қыстың суық күндерінде  тозығы жеткен баспанасын жылытудың өзі оңайға соқпайтын көрінеді.

“Қаншама киімдерді қабаттап үстіме тастаймын, соның өзінде таңертең тоңып шығамын. Қорқамын ұйықтап қалып өліп кетемін бе деп суықтан”, – дейді тұрғын Серікбай Ахметов.

Серікбай Ахметов  отыз жыл күткен  үй кезегі осыдан үш жыл бұрын келіп, пәтер алады. Алайда алған үйімнің жағдайы тұрып жатқан баспанамнан да ескі болды дейді азамат.

“Кілтпен ашып көрдік, мен шоковый состояниеде болдым. Мынау квартира емес мынау. Менің тұрған квартирам мың жыл болған, патшаның кезінде салынған, сол артық қайта. Бірақ мұнда да свет жоқ, онда да свет жоқ. Пеші дұрыс емес, полы дұрыс емес”, – дейді ол.

Ахметовке берілген баспана осы. Ал шенділер Серікбай алған баспананың жағдайынан бейхабар көрінеді. Олар берілген пәтерге жөндеу қажет болса  тиісті жұмыстарды атқарамыз деп отыр.

“4-5 жылдан кейін қазіргі үйдің жағдайын қазір мен білмеймін. Егер де қазір үй соның атында болса, егер де ол бас тартқан болса, онда сол үйді беретін бөлім тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі ол үйді қайтып алып жөндеу қажет болатын болса, бюджетке өтінім беріп, тиісті жөндеу жүргізіп ұстайды”, -дейді Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Болат Накипов.

Жөндеу жұмыстары жүргізілсе Серікбайдың бас тартқан пәтері өзінде қалмауы да мүмкін. Оның өзін комиссия шешеді дейді мамандар. Ал жалғызбасты қарияның арманы жайлы да, жылы қоныс.

Талқылау