Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында тоғыз жастағы бала әлі күнге дейін мектепке бара алмай отыр

Қызылорда облысының тоғыз жастағы тұрғыны Ерасыл Марат әлі күнге дейін мектепке бара алмай отыр. Ал бұған Ерасылдың жақындары баланың тағдырына бей-жәй қарап отырған аудандық білім бөліміндегілер кінәлі дейді.

какакака

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жалағаш ауданының тұрғыны 9 жастағы Ерасыл Марат осыдан бір жыл бұрын мектеп алды даярлық сыныбын оқып бітіреді. Ал жаңа оқу жылы басталғанда бүлдіршіннің жақындары барлық құжаттарды дайындап, Ерасылды бірінші сыныпқа апарғандарын айтады. Алайда сол кезде мектептегілер бала тілінің дұрыс жетілмегенін айтып, мектепке қабылдаудан бас тартты дейді баланың туыстары.

“Баланың тілі дұрыс дамымаған деп бізге психбольницаға жолдама алып берді бізге. Ол жақта 15 күн жатып шықты. Бірақ дені сау деген диагноз қойып берді бізге”, – деді Ерасыл Мараттың туысы Құралай Әбілғазы.

Ал Жалағаш ауданындағы №202 орта мектептің басшысы Ерасылдың жүйке жүйесінде ауытқу бар деп кесіп айтты. Сондықтан оны облыс орталығындағы арнаулы мектепке оқытатын болдық деп отыр.

“Ендігі уақытта сол 7-мектепте оқиды. Директоры келісіп отыр. ПМПК-мен келісіп қойдық. Амандық болса,тамыздың аяғында алып келіңіздер деді мектеп директоры. Мен өзім апарып баланы орналастырамын”, – дейді № 202 орта мектептің директоры Рауаш Әлиева.

Ал директор келісіп қойған арнаулы мектептің басшылары 9 жастағы баланың жағдайынан бейхабар екендерін айтты.

“Марат Ерасыл деген оқушы бізге осы уақытқа дейін әлі келіп тіркелген жоқ. Біздің тізімімізде ол бала жоқ. Жаңа оқу жылына да ол бала бізге келіп тіркелген емес”, – дейді №7 арнайы түзету мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жәмила Жанаева.

Арнаулы мектептің ұстаздары баланы арнайы мамандардың рұқсатымен ғана қабылдай алатындарын айтады. Ал 9 жастағы Ерасылдың бар арманы өз қатарынан қалмай мектеп қабырғасында білім алу.

Талқылау