Қызылорда облысының әкімі зілтемірші Александр Зайчиковке темір тұлпар мінгізді

Жұма, 19 Тамыз , 2016 11:52

Сырбойылықтар Рио Олимпиадасының қола жүлдегері зілтемірші Александр Зайчиковті зор қошеметпен қарсы алды.

a8a59dd88e5a7bd0cb0e33642db6d60d

Фото: Марьяна Касимова

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Қызылордалық жастар Александрдың құрметіне әуежайға жиналып, ыстық ықыластарына бөледі. Мұнан соң Рио Олимпиадасының жүлдегерін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев құттықтап, жылы лебізін жеткізді.

«Олимпиадада сен тек зілтемірді көтеріп қана қойған жоқсың, бүкіл қазақстандықтардың рухын асқақтаттың. Александрдың келесі медалі алтын болатынына сенемін. Біз Александрдың алдағы жарыстарға, әсіресе Токиода өтетін Олимпиадаға дайындығы үшін барлық жағдайды жасауға дайынбыз. Сонымен қатар, батыр ұлды тәрбиелеп, өсірген анасына зор алғыс айтамыз», – деді облыс әкімі.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев алдағы уақытта зілтеміршілерді дайындау үшін Қызылордада халықаралық талаптарға сай ауыр атлетика орталығы салынатындығын жеткізді.

«Мен барлық қазақстандықтарға, әсіресе жерлестеріме үлкен алғысымды айтамын. Риода жүріп, олардың қолдауын сезіндім. Қызылордалықтар таңғы 4-те жиналып, менің өнерімді тамашалағандарын білемін. Сіздердің қолдауларыңыз маған күш берді», – дейді Александр Зайчиков.

Александрдың анасы мен бапкері де барша қолдау көрсеткен қазақстандықтарға, жерлестеріне алғыстарын айтты.

Мұнан соң аймақ басшысы Александрға «Toyota Land Cruiser» автокөлігінің кілтін табыстап, бапкеріне 5 млн. теңгенің сертификатын тапсырды.

Облыс әкімімен кездесуден кейін Александр орталық алаңда өзінің жанкүйерлерімен кездесті.

Бұған дейін Александр Зайчиков Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанғанын хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Александр Зайчиков мектепті қазақ тілінде бітірген

Қызылордада әлем чемпионы Зайчиковке 3 бөлмелі пәтер берілді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар