Қызылорда облысында жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты жанжал шықты

Сейсенбі, 24 Қазан , 2017 7:38

Қызылорда облысында дәрігерлер жаңа туған нәрестені өлімнен арашалай алмады. Төрт күн бойы жүрегі соғып жатқан ұл бала ақыры шетінеп кеткен. Бұл туралы КТК хабарлады.

Немересінен айрылған Жантаевтар әулеті бұл жағдайға дәрігерлерді кінәлап отыр. Ақ халаттылар болса керісінше, босанған келіншектің өзін ажалдан құтқарып қалдық дейді. Дегенмен ол әлі де жансақтау бөімінде.

Айта кетерлігі, өткенде апатқа ұшыраған санавиация ұшағын күтіп жатқан Шымкенттегі келіншек көз жұмған болатын. Ол да осы әулеттің жақын туысы екен. Қайғылы отбасы арада ай өтпей немересінен айрылып отыр. Ал қайғылы оқиғадан кейін перзентхана меңгерушісі жұмыстан қуылыпты.

Қайғылы оқиға осыдан он күн бұрын Қызылорда облысының Шиелі ауданында болды. Жантаевтар әулетінің келіні Айбану үшінші баласын босанбақ болып осында келген. Туыстарының сөзіне қарағанда жүктіліктің айы-күні толған шағы екен. Алайда, күткен қуаныш қайғы болып тиген.

“Алты жарымда босандырып алды. Ішін басқан, уже матка жыртылып кеткен. Содан қан тоқтамай, бала жыламай шықты. Қырық аптада туылғаннан кейін денсаулығының мықтылығының арқасында жүрек соғып жатты 4 тәулікке дейін. Қазіргі таңда шетінеп кетті бала. 16-сы күні шетінеген. Кешкі сағат 8-де. Айтпаған бізге”, – дейді нәрестенің әжесі Гүлзира Жантаева.

Шиелідегі нәрестенің шетінеуі аудан түгіл облыс басшылығын алаңдатып отыр. Өйткені, дәл осы ана мен бала өлімі көрсеткіштері былтыр 40 пайызға шамалас болса, биыл 8,5 пайызға дейін төмендетіп, жағдайды бақылауда ұстап отырған шақтары екен. Ал мына жағдайда не бала жоқ, ал келіншек енді құрсақ көтере алмайды. Бірақ, дәрігерлер жағдайды басқаша баяндады. Айтуларынша, жатырдан қан кетіп, әйелді әзер дегенде құтқарып қалыпты.

“Босану кезінде ерте қан кету деген диагноз бар. Сол басталған. Ерте қан кету болғанда, жатыр жиналмай, жиырылмай қалған. Өзіміздің акушер-гинекологтар операция жасап, науқастың, әйелдің жанын алып қалу мақсатында жатырын алып тастады”, – деді Шиелі аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бақтыгүл Мұсағалиева.

Ал шақалақтың өлімінен соң Шиелі аудандық ауруханасының бөлім меңгерушісі Ақзияш Күздібаева жұмысынан қуылып, қазір тексеріс жүріп жатыр.

Бүгінде облыстан шақыртылған сарапшылар оқиғаны бүге-шүгесіне дейін тексеруде. Кімді қандай жаза күтіп тұрғаны тек соның қорытындысынан кейін ғана белгілі болмақ.

Жіберіп алмаңыз:

Терезеден секіріп кеткен ақтаулық әйел 25 мың доллардың алтынын қолды қылған

Павлодарда баланы бетонға лақтырып ұрған еркек жеңіл жазамен құтылды

Қазақстандық лесбиянкалар отбасын сақтап қалу үшін қандай қиындықтарға барып жүргендерін айтты

Астана полициясы айықтырғыштың ішінде қайтыс болған ер адамға қатысты пікір білдірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар