Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында су тасқынынан мал жаппай қырылып жатыр

Қызыл су басып жатқан Қызылорда облысындағы ауылдардың жағдайы қиындай түсті. Әсіресе, Қазалы ауданындағы жағдай мүшкіл. Бұл туралы КТК хабарлайды.

сусу

Мұнда бірнеше елді-мекенді су шайып кеткен. Соның салдарынан тұрғындар төрт түлiктерiнен айырылып, қыруар шығынға батып жатыр.

Сырдария өзенінің арнасынан асуына Басықара су торабындағы мұз кептелісі себеп болған. Адасып аққан су шаруа қожалықтарын шайып кетіпті. Бастары аман қалғанымен, қыруар шығынға ұшыраған ауылдықтар тасқынды өздері таспаға түсіріп алған.

Сайда орналасқан қоралар толығымен қызыл су астында қалыпты. Малдың көбі суға тұншығып қатса, кейбірі биіктеу жерге дейін жүзіп барған екен. Тасқыннан негiзiнен Қазалы ауданындағы Басықара, Сарыкөл және Құмжиек ауылдары зардап шегуде.

Аудан орталығымен байланыстыратын жолдарды су шайғандықтан, қатынас та жоқ. Апат аймағындағы жұрт мамандардың алдын ала ескерту жасамағанына қапалы. Ал шенеуніктер судың қанша жерге таралғанын және келтірілген шығын көлемін есептеуге кірісіп кетті. Қызыл су басқан аймақта кеше төтенше жағдай жарияланғанын айта кетейік.

Оқи отырыңыз:

Атырау облысында бутигін адыраспанмен аластаған жігіт тірідей жанып кете жаздады (видео)

Санкт-Петербургте 32 жастағы Қазақстан азаматының өлі денесі табылды

Атырауда ер адам терезеден секіріп жарылыстан аман қалды (видео)

Астанада жантүршігерлік жол апатына ұшыраған екі қызға шұғыл түрде қан керек

Талқылау