Қызылорда облысында шекарашының ұлы абайсызда өз бауырын атып алды

Шымкент гарнизонының әскери сотында офицер-шекарашының кінәсынан қаза тапқан баланың өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

20170101224614

Биылғы жылдың 8 ақпанында әскери қызметкердің 9 жасар ұлына абайсызда оқ тиіп қайтыс болған. Аталған жағдайға қатысты бес шекарашының үстінен қылмыстық іс қозғалған. Тергеуге алынған бес адамның ішінен тек аға лейтенант Рахымжан Түзелов ғана қамауға алынған. Қалғандары ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылған.

Сот процесі кезінде қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталған. Тергеу барысында белгілі болғандай, әскери қызметкерлер сол күні мемлекеттік шекараны қорғау туралы бұйрық алған және қызметке соғыс қаруларымен шыққан. Алайда бұйрықты бұзып олар өз еріктерімен бекеттен кетіп қалған. Аға сержант Рахымжан Түзеловтың бұйрығымен олар сержант Ермахановтың үйіне кеткен.

Әскери қызметшілерден кейін төрт автомат пен бір қызметтік тапаншаны сержанттың бөлмесіне қалдырып, өз жұмыстарымен кетіп қалады. Осы уақытта сержанттың екі баласы қаруды тауып алып, ойнай бастайды. Нәтижесінде бірі байқамай екіншісін атып алады. Шекарашыларға 445 бап “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау ережесін бұзу” және 462 бап “Қару қолдану ережесін бұзып, абайсызда адам өлтіріп алу” бойынша айып тағылған.

Басты айыпталушы – наряд командирі, аға лейтенант Рахымжан Түзелов соттағы сұрау кезінде өз еріктерімен қызмет орнын тастап кетуге байланысты әрекеттің себебін түсіндірген. Оның сөзінше, сол күні оған үйінен хабарласып, әйелінің қатты ауырып қалғанын айтыпты. Өзінің қолбасшылығына ескертпестен ол өз қарамағандағыларға кете беруге бұйрық берген. Барлық бес айыпталушы да алғашқы сот отырысында-ақ өз кінәларын толықтай мойындаған.

Оқи отырыңыз:

Маңғыстау облысында белгісіз бір топ қарулы адам бүтіндей бір отбасына оқ жаудырған

Басындағы битті керосинмен улаған оқушы жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Алматыда ірі жол апатынан зардап шеккендердің денсаулығы туралы дәрігерлер айтып берді

Оралда депутат мұз айдынға шығып төбелесті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар