Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында шағымдарын айтқан таксистер әкімнің алдына келді

Қызылорда облысында бүтіндей бір ауыл тұрғындарын ауданға тасып жүрген таксистер бүгін әкімнің алдына келді. Жолаушы тасымалдайтын көлік жүргізушілерінің жиналауына, жаңа таксопарктың ашылуы себеп болған.

сс

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Айтуыларынша, әкім жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, тапқан табыстарын толықтай өздеріне қалдырып үйреніп қалған таксистерді таксопарк құрамына міндеттеп кіргізбек болған.

Арал ауданының орталығы мен Сексеуіл ауылының ара қашықтығы 60 шақырымға жуық жолды құрайды. Ал осы ауыл тұрғындарын аудан орталығына тасымалдайтын мына таксистер. Жұмыссыздық белең алған шақта  қос қолға бір күрек болсын деп барлығы өз көліктерімен жолаушыларды тасымалдай бастағандарын айтады. Заңға  сәйкес құжаттарын әзірлеп, кәсіптерін игеріп жүрген таксистер бүгінде әкімдіктегілер  бізге қысым көрсетіп жатыр,- дейді. Айтуларынша  жақында ауылдан жеке таксопарк ашылатын болып, барлығын өз көліктерімен сонда жұмыс істеуге міндеттепті.  Алайда ол бізге мүлде тиімсіз дейді жүргізушілер.

– “Халықты 500 теңгеден тасып отырмыз, ол 700 теңгеден қыламын дейді. Енді біз патентпенен страховкамен екі ортаға қатынап отыр ғой. Ал бұлар маршрутпен қатынайсың дейді. Медосмотрдан өтесің, техосмотрдан өтесің дейді. Ал оның техосмотры жоқ, рациясы жоқ”, – дейді таксиші Алпысбай Сариев.

Шенділерден қысым көріп жатырмыз деп ашынған көлік жүргізушілері мәселелерінің шешілуі үшін ауыл әкімдігінде жиналды.

– Ол таксопаркте клиент бір күн болады, бір күн болмайды. Сіз айтып жатсыз кеше арттарыңа КНБ салып қойса не істер едіңдер деп.

Ал ауыл әкімі “Ешкімді мәжбүрлі түрде жеке таксопаркке тіркелуге міндеттемеймін”,-  дейді.

-“Сексеуілде 80 такси бар. Солардың 26-сында патенті бар. Соны анықтау үшін мен мынадай жұмыстар жүргіздім. Себебі істей берсін кім қандай кәсіппен айналысамын десе құқығы бар. Бірақ заң аясында болсын”,- дейді Сексеуіл ауылының әкімі Мейрам Тұрымбетов.

Елімізде таксистердің қысым көруі жиі болатын жағдай, Сексеуіл ауылындағы бұл мәселе осының бір көрінісі. Алайда Сексеуілдік таксисттер енді ешқайда тіркелмей өз кәсіптерімізді өзіміз істейміз деп бекінген.

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев: Жақсы өмір сүру үшін университетте оқу міндетті емес

Дәрігерлер жыныс мүшесіне 2 күн бойы неке сақинасын тағып ауырған қытайлықты құтқарды (видео)

Ирактық әйел күйеуін өлтірген террористің басын жұлып отқа қайнатты

Талқылау