Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында қарияның үйін көршісі заңдастырып алған

Қызылорда облысының Арал ауданында 63 жастағы Сержан Орынбасаров 2007 жылдан бері әкесінің Ұлы Отан соғысы біткен жылдары соққан үйін иелене алмай отыр.

222

Бұл туралы STAN.KZ-тің Қызылордадағы тілшісі хабарлайды.

Бұл үйде оның әкесі мен оның бауырының отбасы тұрған екен. Алайда 1964 жылы Сержан ақсақалдың 12 жасында әкесі бұл үйден көшіп, тамды бауырына тастап кеткен. 1997 жылы әкесінің бауырының соңғы тұяғы марқұм болып, үй қаңырап бос қалған. Алайда арада көп уақыт өтпестен, үйдің жаңа иесі пайда болған. Ол Орынбасаровтың құдайы көршісі. Тез арада әкімдікке хат жазып, заңдастырып алған көрінеді. Пайғамбар жасынан асқан Сержан ақсақал бұл жайында тек бір жылдан кейін көршісінің тамды бұзып алғанынынан кейін білген.

Бұл жердің мұрагері менмін деп құзырлы органдар мен әкімдіктің есігін қаққан қарияны естір құлақ табылмапты. Прокуратура, қаржы полицейлері тексеріс жүргізіп, әкімдіктің шешімінен заңға қайшы ешнәрсе таппаған екен. Сотқа жүгінбек болған Сержан Орынбасаровтан аудан соты арызын қабылдамапты. Себебі қария үй кітапшасына кезінде тіркелмеген екен. Алпыстан асқан қарт бүгінде І топ мүгедегі. Екі аяғынан жас күнінде жол көлік оқиға кезінде айырылған.

444

Арал басшыларынан оқиғаға байланысты сұрақ қойғанымызда, көп уақыттың өткенін, кімдікі дұрыс, кімді бұрыс екенін айта алмады. Ал, Сержан ақсақалдың арманы әкесінен қалған қара шаңыраққа қол жеткізу.

Талқылау