Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында екіқабатты үйдің бір бөлігі құлап, тұрғындар эвакуацияланды

Ағымдағы жылдың 17 наурызында Қызылорда облысы Арал қаласында 1989 жылы салынған тұрғын үйдің бір бөлігі құлады.

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Биылғы жылдың 17 наурызында кешкі сағат 18-00-дер шамасында Қызылорда облысының Арал қаласындағы Жароков көшесінде 1989 жылы салынған екіқабатты үйдің бір бөлігі құлады. Тұрғын үйдің ескіруінен аумағы 72 шаршы метр болатын техникалық қабаттың темірбетон плиталары құлаған»,-делінген хабарламада.

Қазір оқиға орнында комиссия мүшелері жұмыс істеп жатыр. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бір бөлігі қираған үйде он бір адам тұрған, олардың 9-ы балалар. Үй тұрғындары ауданның эвакуациялық бекетіне орналастырылды.

Жіберіп алмаңыз:

3 жыл бұрын жоғалып кеткен Қарағанды тұрғыны Алматыдан табылды

Министрлік өлген малдың еті сатылып жатқаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Атышулы Байзақованы туған күнімен кұттықтамақ болған достары оны жылатып алды (видео)

ОҚО депутаты: 7 жасар баланың дауы – екі әулет арасындағы мәселе

Талқылау