Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында екі автобус соғысып, салдарынан үш адам қаза тапты (видео)

16 қараша күні Қызықлорда облысының Қармақшы ауданы Ақжар ауылының маңында екі жолаушылар автобусы соғысып, салдарынан үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды  Stan.kz ақпараттық агенттігі ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме беріп.

Қызылорда облысында екі автобус соғысып, салдарынан үш адам қаза тапты (видео)

ТЖК хабарлауынша, бір автобуста – 32, екіншісінде – 37 адам болған. Жол көлік оқиғасында кезінде екі адам қайтыс болса, артынша тағы бір адам ауруханада қайтыс болды.

Сонымен қатар, зардап шеккен 14 адам, оның ішінде екеуі бала жақын маңдағы Қармақшы аудандық ауруханасына жеткізілді. Оқиға орын алған жерге Қызылорда облыстық ТЖД өкілдері жедел түрде келіп көмек көрсетті.

Аталған оқиға түскен сәт видеога түсіп, желіге де таратылған еді.

Талқылау