Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында цемент зауытындағы қытайлық азамат өртеніп кетті

20 қараша күні Қызылорда облысының Шиелі ауданында цемент зауытынан өрт шықты, деп жазады Stan.kz.

20 қараша күні Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы «Чайна Триумф» цемент зауыты аумағынан өрт туралы хабарлама келіп түсті. Сэндвич-панельдерден жасалған уақытша құрылымнан өрт шыққан. Ондағы 200 шаршы метр аумақта 42 жұмысшы тұрып жатқан.

Өрт тез арада сөндірілді. Өрт салдарынан 1976 жылы туған қытайлық азаматтың мәйіті табылды. Өрттің алдын ала себебі – электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзылған. Өрт сөндіруге Қызылорда облысының 13 қызметкері мен 4 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау