Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында алтыншы сынып оқушысы ұстазын азғындық әрекет жасады деп айыптады

Қызылордаға жақын маңдағы Белкөл ауылының мектебі жаңа оқу жылын математика пәнінің мұғалімінсіз бастауы мүмкін. Биыл сәуір айында алтыншы сыныпта оқитын екі оқушы қыз мұғалімді оғаш қылығы үшін айыптаған.

6-сынып

Бұл туралы “Астана” телеарнасы хабарлайды.

Шағымнан кейін құқық қорғау органы қызметкерлері Ақпар Исахаевты тура мектептен келіп алып кетіпті. Қыздардың айтуынша, мұғалім сабақ үстінде олардың ұятты жерлеріне қол жүгірткен. Шілде айында іс сотқа кетті. Мұғалімді бүкіл ұстаздар қауымымен қатар ата-аналар да қорғаған.

Ал шын мәнінде қыздар полицияға шағым түсірген. Бірақ, ұстаздарымен әзілдесіп осындай қадамға барған көрінеді.

“Бәрі біз ойлағандай болмай шықты. Сосын бәрін анама айтып, мойындадым. Мұғалім бізге мүлде тиіскен жоқ. Өте қатты өкінемін, одан кешірім сұраймын. Босатса деймін”, – дейді Дина Нағызбаева.

Дина полициядан осылайша шағымын қайтып алған. Ал екінші қыз әлі де болса мұғалімді айыптауда.

“Ақпар ағай әдетте сыныпты 4-5 топқа бөліп, балаларды бір-біріне қарсы отырғызып қоятын. Сондай кезде оның қыздарға тиісуі мүмкін бе? Біз әділдікті талап етеміз”, – дейді №189 орта мектеп тарих пәнінің мұғалімі Ұлмекен Жүсіпова.

Әріптестерінің айтуынша Ақпар Исахаев 35 жылдық тәжірибесі бар білікті ұстаз, отбасында салихалы әке, ата атанып отырған жан.

“Мен Ақпарды 20 жылдан бері білемін. Ұжымда үлкен құрметке ие. Істің әділетті ашылуын қалаймыз”, – дейді ұстаз Тілеген Халықов.

Әзірге сот отырысы жабық режимде өтіп жатыр. Сол себепті іс барысының мән-жайын білу әзірге мүмкін емес.

“Қазіргі таңда іс сотта қаралып жатыр, сол себепті ашып ештеңе айта алмаймын. Менің қорғауымдағы адам сабақ үстінде азғындық әрекет жасады деп айыпталып отыр. Бір анық нәрсе ұстазды ұнатпаған кез-келген оқушы оның үстінен жалаң шағым түсіре салса, мұғалімді сол үшін де соттай салуы мүмкін”, – дейді адвокат Жасұлан Таңатаров.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте «Баха» лақап атымен танымал экс-депутат ұзақ мерзімге сотталды

Ақтау көшесінде қарумен жүріп жұртты шошытқан жігіт 7 жылға сотталуы мүмкін

Шымкентте перзентхана қызметкерлері шетінеген шақалақтың ата-анасына басқа баланың мүрдесін беріп жіберген

Елімізде терроризм туралы ақпарат айтқан адамға 2 млн теңге төленеді

Талқылау