Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында 2 автобус соқтығысып, 86 адам зардап шекті

Қызылорда облысында Самара-Шымкент тасжолында 2 жолаушылар автобусы соқтығысты. Оқиға кезінде автобустарды 86 адам болған. Олардың 83-і зардап шегіп, үшеуі қайтыс болды, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Қызылорда облысында 2 автобус соқтығысып, 86 адам зардап шекті

Жол-көлік оқиғасы 16 қарашада кешкі сағат 19:00 шамасында Қызылорда қаласынан 130 шақырым жерде Қармақшы ауданының Ақжар ауылы маңында «Самара-Шымкент» тасжолында орын алған.

ЖКО туралы қоңырау түскеннен кейін оқиға орнына Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов пен аудан әкімдігінің қызметкерлері, облыстық денсаулық сақтау, жұмылдыру дайындығы басқармалары мен жергілікті полиция қызметі, сонымен қатар төтенше жағдайлар және ішкі істер департаментінің басшылары келіп жетті.

«Оқиға орнында жергілікті полиция қызметінің 34 қызметкері,13 арнайы техника мен 34 төтенше жағдайлар департаментінің маманы, 130 медицина саласының қызметкері, оның ішінде 16 дәрігер жұмылдырылды. Сондай-ақ, 12 “жедел жәрдем” бригадасы жұмыс істеді», – делінеді әкімдік хабарламасында.

Апат салдарынан зардап шеккен 84 жолаушыға көмек көрсетілді. Сондай-ақ, Жалағаш, Жосалы аудандарындағы екі аурухана және облыстық медициналық орталық зардап шеккендерге көмек көрсетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2 адам оқиға орнында көз жұмған. Тағы бір бала ауруханада қайтыс болды.

«Қазалы-Қызылорда» мен «Қызылорда-Қармақшы» бағытындағы 2 автобуста барлығы 86 адам болған. Медициналық көмек 74 жолаушыға көрсетілді,оның 29-ы ауруханаларға жеткізілді және дәрігерлердің бақылауында. Қалған 45 жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаторлық ем тағайындалды. Апат орнында 2 адам қайтыс болды және ауыр жарақат салдарынан ауруханада бір бала көз жұмды», – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Олжас Ысқақов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Қайтыс болған жандардың отбасыларына жергілікті билік тарапынан қажетті көмек көрсетілуде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау