Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысы әкімі: Наурызда бастықтарға арнап дастархан жаюдан арылу керек

Наурызда киіз үйлерде тек бастықтарға арнап дастархан жаю әдетінен арылу керек. Оның орнына көктем мерекелері кезінде қайырымдылық шаралар көптеп ұйымдастырылуы керек. Оны Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Бастықтарға арнап дастарқан жайып, олар  келгенде ғана киіз үйдің есігін ашатын әдеттен арылу керек. Наурыз көжеден кез келген адам дәм тата алатын жағдай жасалуы керек. Ас-ауқат фуршет үлгісінде дайындалып, дастарқан бәріне бірдей жайылуы тиіс», – деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, көктем мерекелері кезінде қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру жоспарланды

Айта кетейік, бұғаан дейін де СҚО әкімі Құмар Ақсақалов Наурызда киіз үйді жауып алып, тамақ ішкенді қою керек деген болатын.

Тағы оқыңыз:

Назарбаев: Парламент пен үкімет тек қана қазақ тілінде жұмыс істеуі керек

Бекболат Тілеухан министрге: Наурыз таяп қалса да менің балам әлі Ю әрпін оқып жүр. Бұл қалай?

Аман Тасыған: Мейрамбек Бесбаевты ел жақсы жағынан таниды, ал шынайы бейнесін көргенде қабылдай алмай қалар еді

Серікбол Сайлаубек: Бір көзім көрмейді, Алла бір көз бермесе де халықтың ықыласын берді, соған шүкір

 

Талқылау