Қызылорда әкімі жаңа туған сәбиге Нұрсұлтан деп ат қойды

Сәрсенбі, 2 Желтоқсан , 2015 0:23

Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы бірқатар ҰОС ардагерлерін Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтады. Сонымен бірге ол қалалық перзентханада болып, дүние есігін ашқанына енді ғана бір сағат болған сәбиге ырымдап Нұрсұлтан деген есім берді.

Қызылорда

Қала әкімі мерекенің маңыздылығына тоқтала келе, еліміздің бүгінгідей жетістікке жету жолындағы ардагерлеріміздің өлшеусіз еңбектеріне, елдің бірлігін бекемдеу мен өскелең ұрпаққа үлгі боларлықтай ұлағатты істеріне барша қала тұрғындары атынан алғысын білдірді.

Өз кезегінде ардагерлер де соңғы жылдары қала көлемінде орын алып жатқан тың жаңалықтар мен оң өзгерістерге және халық игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдірді. Қала әкімі  Нәлібаев ардагерлерге құттықтау хаттары мен арнайы сыйлықтарын табыстады.

Қала әкімі еліміздің демографиялық өсуіне және жас мемлекетіміздің дамуына жас отбасылардың қосар үлесі зор екендігін атап өтті. Бүгінгідей мерейлі мереке күні дүние есігін ашқан сәбилерге сыйлықтарын үлестірген қала әкімі бірқатарына туу туралы куәліктерін табыстаса, дүние есігін ашқанына енді ғана бір сағат толған сәбиге ырымдап Нұрсұлтан деген есім берді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар