Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылодада ет нанының орнына тұшпара салынған ас жұртты таң қалдырды (фото)

Қызылордаға тойға барған жұрт алдарына тартылған еттің ерекшелігіне қарап таң қалған. Онда табақ толы еттің астында әдеттегідей нан емес тұшпара болған. Көпшілік желіде мұндай етті  ерекше дәмді болар деп елестетіп те үлгерген.

ет

31 арнаның директоры Бағдат Қожахметов Қызылордада көрген ерекше тағамын өзінің Фейсбук желісіндегі парақшасына жүктеген еді.  Қызын сол елге берген құданы қызылордалықтар осылайша ерекше сый-құрметпен күтсе керек. Ол суреттің жанына “Сыр елі нанның орнына тұшпара салады екен, таңғалдым. Енді дастарханға мантының ішіне  тәтті нан салып келсе де таң қалмаймын” деген.

ет1

Бұған дейін Stan.kz сайтының өңірдегі тілшісі Қызылордадағы құдалықтардың бірінде тура осындай ет дайындалғаны жөнінде жазған еді. Кейіннен үй иелері ондай тамақты “асығыстықтан ойлап таптық” деген болатын. Желі қолданушыларының дені сол кезде етке тұшпара қосуды қазақтың “етін қорлау” деген болатын.

Талқылау