Қызылодада ет нанының орнына тұшпара салынған ас жұртты таң қалдырды (фото)

Бейсенбі, 25 Тамыз , 2016 22:01

Қызылордаға тойға барған жұрт алдарына тартылған еттің ерекшелігіне қарап таң қалған. Онда табақ толы еттің астында әдеттегідей нан емес тұшпара болған. Көпшілік желіде мұндай етті  ерекше дәмді болар деп елестетіп те үлгерген.

ет

31 арнаның директоры Бағдат Қожахметов Қызылордада көрген ерекше тағамын өзінің Фейсбук желісіндегі парақшасына жүктеген еді.  Қызын сол елге берген құданы қызылордалықтар осылайша ерекше сый-құрметпен күтсе керек. Ол суреттің жанына “Сыр елі нанның орнына тұшпара салады екен, таңғалдым. Енді дастарханға мантының ішіне  тәтті нан салып келсе де таң қалмаймын” деген.

ет1

Бұған дейін Stan.kz сайтының өңірдегі тілшісі Қызылордадағы құдалықтардың бірінде тура осындай ет дайындалғаны жөнінде жазған еді. Кейіннен үй иелері ондай тамақты “асығыстықтан ойлап таптық” деген болатын. Желі қолданушыларының дені сол кезде етке тұшпара қосуды қазақтың “етін қорлау” деген болатын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

9
Комментариев
  • Анонимно says:

    дұрыс емес

  • орда says:

    Дәмді тағам. Қолдарыңнан келсе сендерде пісіріп жеп көріңдер.

  • Анонимно says:

    Ауре гой улкен, той иелер канша душпара жасаган сонда…

  • Анонимно says:

    Келген конактарын жаксылап кутiп жiберейiн деген ойлары шыгар, менiмше оте дамдi

  • Анонимно says:

    Дəмі керемет болады, жеп көріңіздер пікірлеріңізді сосын көреміз.

  • Лалала says:

    Фу как не культурно

  • Анонимно says:

    Тамак калдыктарын жинап салып койгандай коринеди((

  • Айнара says:

    Ой Құдайымай

  • Анонимно says:

    Түшпараның ішіне картоп езбесін салса

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар