Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түрлі-түсті бұрыштардың айырмашылығы қандай әрі қайсысы қатерлі ісікпен күресуге қауқарлы

Біз сіздерге қызыл бұрыштың неліктен басқаларына қарағанда бағасы қымбат болатынын және не себепті жасыл бұрышты жеген кейбір адамдардың асқазаны ауырып жататыны жөнінде айтып өтпекпіз.

p_03

Сурет: www.floraprice.ru 

Болгар бұрыштарының құрамында антиоксиданттар С, И витаминдері бар. Олардың түсі әртүрлі болып келетінін барлығымыз білеміз.

Жасыл бұрыш қызыл, сары бұрыштың не жемістің жетіліп піспеген түрі. Жасыл бұрыштар толық жетілмеген көкөніс болғандықтан сәл ащылау болып келеді. Сондықтан асқазанда жайсыздық тудырып жатады.

Жасыл бұрыштарды өсіп тұрған жерінен өзгелерінен қарағанда ертерек жинап алады. Ал, қызыл, сары бұрыштарды мезгілден кештеу жинайды. Олар ұзақ пісіп-жетілетіндіктен күтіміне көбірек ақша жұмсалады. Сондықтан қызыл, сары бұрыштар жасыл бұрышқа қарағанда қымбаттау тұрады.

Негізінде барлық бұрыштарыдң құрамында А, С витаминдері бар. Алайда, Livestrong.com сайтының мәліметінше, қызыл бұрышта бета-каротин 11 есе көп екен. Олар қатерлі ісікке қарсы күресе алады. Ал, сары бұрышта жасыл бұрыштан қарағанда С витамині көп, бірақ А витамині мен бета-каротин аз көрінеді.

Талқылау