Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызық екен: “Нысана” актері Дәнекер киелі құсты білмей ұятқа қалды

СДУ-дің 1-курс студенті Ақбота Тілеужан Ұлттық арнадан көрсетілетін “Қызық екен” бағдарламасының қонақтарын сынға алды.

“Ұлттық арна ұсынып отырған «Қызық екен» бағдарламасын көремін. Жүргізушісі – актер Рахман Омар. Көрермен талантты актердің табиғатына келетін бағдарламаға əуес екенін біліп алғалы қашан?!. Адамның интеллектуалдық деңгейін арттыратын бағдарламаға сүйсіндік. Əртүрлі тақырыпты қамтитын сұрақтарды көріп отырып, біз де ойланамыз. «Есте жүрсінші» деген ниетпен үзбей көріп келемін. Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Ойынға танымал тұлғалардан екі адам бір ай бойы топ басшысы болып сайланады. Ал оның екінші қатысушысы күнделікті алмасып отырады. «Қызық екеннің» кемшілігі де жоқ емес.

Қатысушылардың түгелі өнер өкілдері. Ең оңай сұрақтан сүрініп жатады. Нысана театрының əртісі Дəнекер Оразбай «киелі құс – үкі» деп «данышпандық» танытса, «алдаспан» сөзінің мағынасын білмейтін ағалар да жоқ емес. Өмірден өткен ұлы тұлғалардың шығармаларын оқымаса да, өмірбаяндарымен танысып алса да артық етпейді. Сұрақтарға берген жауаптарынан гөрі орынсыз əзілдері көп қатысушылар саны азайғаны жөн. Білім мен ғылымның айналасында жүрген аға-əпкелерді шақырып, солардың білімдері сынға түскенде ғана «қызық екен…» деуіміз мүмкін”, – деп жазады Ақбота Тілеужан.

«Ұлан» газеті

Тағы да оқыңыз:

«Голос. Дети» шоуына қатысқан он жасар Данелияның анасы: Қызымның аты Дәнел болуы тиіс еді

Қытайдың ең бай бизнесмені Димашқа сыйлық берді

11-сынып оқушысы: Ләйлә Сұлтанқызының тікелей эфирдегі сөйлеу этикасы көңілге қона бермейді

Талқылау