Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызы жоғалған Астана тұрғыны оны бір жылдан кейін ғана іздей бастаған

Қызымен жанжалдасқан Астана тұрғыны бір жыл өткен соң оны іздей бастады.

20160720194224

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

“Ағымдағы жылы 25 сәуірде  Астана полициясына азаматша Шара Рысқұловадан 2015 жылы 20 шілдеде оның 1993 жылы туған қызы  Гүлфайруз Рысқұлова ұрсысқаннан кейін киімдерін жинап, анасының пәтерінен жалға алған пәтерге көшкенін, осы уақытқа дейін оның қайда жүргені белгісіз екені туралы арыз түсті”, – делінген қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің біріңғай реестріне тіркелді, ағымдағы жылы 26 сәуірде із-түзсіз жоғалғанды іздеу бойынша  іс қозғалды.

2016 жылдың сәуірінде және маусым айларында қаланың әр жерінде қызды көрген куәгерлер табылды. Қазір іздеу шаралары жалғасып жатыр.

Қыз туралы белгілі бір ақпарат анықталған жағдайда Бейбітшілік көшесі, 19 мекен жайында орналасқан ІІД, (8-7172) 71-60-22, 71-61-47, 71-66-28, сот. 8701-900-77-82, немесе 102 номерлеріне хабарласу керек.


Жіберіп алмаңыз:

Оралдық бойжеткен сәбиінің жоғалғаны туралы оқиғаны ойдан шығарған

Ниццадағы теракт кезінде жоғалған сегіз айлық бала Facebook арқылы табылды

Қарағандыда жоғалған қыздың анасы жазалануы мүмкін

Павлодарда бір ай бұрын жоғалған Бауыржанды іздеуге АҚШ-тағы бақсы атсалысуда

Талқылау