Қызы рұқсатсыз күйеуге шыққандықтан, әкесі тікелей эфирде өзін-өзі өлтірді (видео)

Сейсенбі, 24 Қазан , 2017 16:09

Қыз бала тұрмысқа шығарда ата-анасының батасын алуы керек! Бұл қағиданы қазақ халқы ғана емес, әлемнің көптеген елдері ұстанады. Өкінішке қарай, ата-анасын тыңдамаған бала кейде олардың өмірмен қош айтысуына себеп болып жатады. Мәселен, Айхан Узун есімді түрік азаматы рұқсатсыз күйеуге шыққан қызы үшін өзін-өзі атып өлтірді. Сорақысы сол, жантүршігерлік жайтты Facebook қолданушылары тікелей эфирде тамашалаған.

Бұл туралы шетелдік Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Видеода Узун мырза өзін суицидке итермелеген жайт туралы әңгімелеген.

“Қызым ең бақытты күнінде сүйінші хабарды телефон арқылы жеткізді. Менен ешкім рұқсат сұраған жоқ. Яғни ер азамат ретінде мені елеп ескермеді. Қайын атам менің орнымды басып, қызыма рұқсат беріпті. Алайда оның бұған құқы жоқ еді. Бұл қыздың өз әкесі бар, ол тірі деп ешкім айтпапты. Қызым немесе отбасымның басқа мүшелері мені шақырады деп күткен едім. Бәлкім кейбіріңіз мен шоу жасап жатыр деп ойлайтын шығарсыздар. Бірақ бұл жағдайды ешкімге тілемеймін. Аздан кейін қолымдағы тапаншамен өз өмірімді қиямын”, – дейді Узун.

Тікелей эфир кезінде достары мен туыстары Узуннан суицид жасамауды өтінген. Алайда 54 жастағы азамат ешкімнің сөзін елеместен, өзіне өзі оқ атқан.

Жіберіп алмаңыз:

Францияда баласына Жиһад деген есім берген ата-ана сотта жауап бермек

Шешенстанда офицер өзінің төрт жолдасын атып тастады

Америкалық көріпкел түсінде Үшінші дүниежүзілік соғыстың қашан болатынын көрген

Әкесі өзі 12 жыл бұрын өлтірген қызының мәйітін қапқа салып полицияға келді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар