Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызы бала кезіндегі суреттерін рұқсатынсыз желіге салғаны үшін ата-анасын сотқа берді

Австияда 18 жастағы қыз өзінің бала кезіндегі суреттерін рұқсатсыз желіге жариялағаны үшін ата-анасын сотқа берді.

1473933854_rebenok-na-gorshke

Фото: vistanews.ru 

Қыздың айтуынша, 2009 жылдан бері оның жағымсыз суреттері оның көңілін түсіріп келген.

Ол ата-анасының өзінің бала кезіндегі жалаңаш жатқан және басқа да суреттерін жариялаған. Қыздың адвокаты Майкл Рамидің айтуынша, ата-анасы қызының осындай 500-ге жуық суретін жариялапты. Сондықтан олардың сотта жеңу мүмкіндігі көп.

«Олар менің суреттерімді жариялауға еш ұялмады. Мен оларға осыны айтудан шаршадым. Олар сенің сөзімді елемейді де, суреттерді өшіруге де ұмтылмайды», – дейді қызы.

Адвокат егер сотта жеңіп шықса, ата-анасының моральді өтемақы ретінде ақша төлеуге мәндеттелуі мүмкін екенін айтады. Сот алдағы қараша айында өтпек. Егер қызы жеңіп шықса, бұл шешім осындай жағдайды бастан кешкен өзге де балаларға сабақ болмақ.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбелік Қазақстанның жарқын болашағына сенбеген жігітті сотқа берді

Талдықорған полицейлері желідегі қалжың постқа ренжіп, авторды сотқа берді

Француз жігіті қиындығы жоқ жеңіл жұмыс істеткен басшылығын сотқа берді

Алматы облысында жігіт “Вконтактеде” ғашық болып қалған қызын сотқа берді

Талқылау