Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызуы 40 градусқа көтерілген Толқын Забирова сахнада ән салды (видео)

Әріптестері сахнада 40 градус температурамен ән салған Толқын Забированың шыдамдылығына қайран қалды.

14334308_183820498718933_4674059848487272448_n

Фото: instagram.com/p/BKrro1HgcVY/?taken-by=bagym_m&hl=ru

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Соңғы кезде әншінің денсаулығы сыр беріп, өкпесі қабынған екен. Ол ЕМА жүлделер табыстау рәсімінде 40 градус температурамен ән салды.  Бағым Мұхидинова сынды өнердегі құрбылары оның бұл әрекетіне қайран қалды. Олар әншінің нағыз халықты сыйлайтын жан екенін айтты.

“Кәсібилік – көп еңбекті талап етеді. Кеше ЕМА жүлделермен марапаттау рәсімінде Толқын Забирова өкпесі қабынып, дене қызуы 40 градусты көрсетіп тұрса да, сахнада өнер көрсетті. Ол өзінің кәсібін ерекше құрмет тұтатындықтан осылай жасады. Бұл нағыз құрметке лайық! Мен бұл салада ұзақ уақыттан бері жүрмін.

Енді ғана шығып жатқан әншілердің “ауырып тұрмын” деп сылтаурататындарын жиі естимін. Жас әншілерге айтарым: кәсіби маман болу – кәсібің мен көрерменді сыйлаудан басталады! Толқын, сенің ақыл-парасатың мен кәсібилігіңді ерекше құрмет тұтамын. Кешір, мұны жазбасқа амалым болмады. Сені жақсы көремін! Сауығып кет!” – дейді Бағым Мұхидинова.

Толқын Забированың бұл әрекетіне әріптестері ғана емес, желі қолданушылары да қайран қалды. Олар өз кезектерінде әншіге ақ тілектерін жаудырды. “Денсаулық бәрінен жоғары болуы тиіс. Мұндай жүлделер өміріңізде әлі көп болады. Ал денсаулықты сатып ала алмайсыз”, “Толқын, аман-есен сауығып кетіңіз. Бұдан кейін ауырмаңыз”, “Толқынның даусы керемет. Нағыз алтын дауыс десем артық айтпаймын. Сізді бағалаймын, жақсы көремін” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Қарақаттың тыңдарманы естелік үшін оның бір уыс шашын жұлып алған

Қазақ шоу бизнесіндегі сөзі жараспаған құрбылар

Алаяқтардың құрбаны болған танымал әншілер

Есқалиева 62 жаста: Әншіні қандай қасиеттері үшін сыйлап, жақсы көреміз

Талқылау