Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызтекелердің өмірін насихаттайды: Депутаттар отандық фильмге шүйлікті

Қазақстандық «Айбек» фильмі қызтекелердің өмірін дәріптеді деп айыпталуда. Аталған туынды үлкен экранға былтырғы жылы шыққанымен, депутаттар оған енді назар аударыпты. Оған қысқаметражды фильмнің ұлттық кино тізіміне кіруі себеп болды, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

"Қызтекелердің өмірін насихаттайды": Депутаттар отандық фильмге шүйлікті

«Көрерменді түгел алдарқатуға көшкен. Сонымен қатар, қоғамымызға сай келмейтін идеяларды насихаттау жағы еш қадағаланбайды. Мысал үшін, қызтеклер туралы «Айбек» фильмін айтсақ болады. Ол да ұлттық кино санатына жатады», – дейді сенат депутаты Дәулет Құсдәулетов.

Сонымен қатар депутат қазақстандық режиссерлердің фильмдегі басты рөлді сомдауға шетелдік актерлерді шақырып, оларға жоғары гонорар ұсынатынына наразылығын білдірді. Бұл ретте отандық әртістердің шетте қалатынын айтты.

Сондай-ақ, депутаттар шетелдік фильмдердің қазақ тіліне дубляждалуын, субтитрленуін немесе аударылуын міндеттейтін норманы қабылдады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау