Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызметте де, қоғамдық орында да орыс тілі ыңғайлы: Ел тұрғындары неліктен қазақ тілінде сөйлемейді

Мемлекеттік тілді дамыту және қолданыс аясын кеңейту. Міне, осы бағытқа ел егемендігін алғаннан бері 28 жылдың ішінде аз қаражат жұмсалған жоқ. Қазақ тілін үйрету үшін арнайы бағдарламалар жасалды, сайттар ашылды, тіпті тегін тұрғыда оқыту курстары жұмыс істеп тұр. Бірақ, іс жүзіне келгенде мемлекеттік тіл әлі де болса өз тұғырына қонбай келеді.

Фото: Болат Шайхинов

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Жаңа жаһандық кезеңдегі қазақ тілі» деп ат қойылған бұл кешке депутаттардан бастап, ғалым, тіл жанашырлары түгел жиналды. Белгілі алаштанушы Сұлтанхан Аққұлұлын әңгімеге тарттық. Ол «жасалып жатқан жұмыстарды жоққа шығармаймын, бірақ қазақстандықтар 100 пайыз тілді меңгеріп алды деп айтсақ өзімізді өзіміз алдағанмен тең!”, – дейді.

«Бүгінгі жастар үшін үлгі болатын ол кім? Үкімет, парламент және әкімдер. Қайсын алсаңыздар да олар ұлтаралық тілде сөйлейді. Балабақшаның балаларына қараңыз, мектеп оқушыларына қараңыз. Бәрі де көшеде қай тілде сөйлеп жүреді? Өзіңіз біле беріңіз. Үлкен ұрпақ. Олар жастарға үлгі көрсетуі керек. Қазір Астана мен Алматы қаласында байқасаңыз, немересін еркелетіп жүрген әже қай тілде сөйлейді? Ойлап қараңызшы! Сондықтан тәуелсіз заманда бүкіл қазақ тілінде кеңінен сөйлеп кеттік деп айтуға аузым бармайды», – дейді “Алаш” ғылыми зерттеу институтының директоры Сқлтанхан Аққұлұлы.

Астаналықтардан неліктен әлі күнге мемлекеттік тілді білмейтіндерін сұрадық. Себеп те әртүрлі.

-Сіз неге қазақ тілін білмейсіз?

-Мен өзім Оралданмын. Қазақша түсенім, бірақ сөйлей алмаймын.

-Мен метиспін. Әкес орыс. Сондықтан орыс тілінде үйренгем.

Жақында тегін тұрғыда қазақ тілін үйрету курстары дегенді көріп мен онда бірден хабарластым. Бірақ, ешкім телефон көтермеді. Яғни хабарландыру берген, бірақ іске асыру жағы ақсап тұр.

Жақында ел аралап келген депутат Азат Перуашев жас буынның кемінде 80 пайызы қазақ тілінде еркін сөйлейді деген пікірде. Ең бастысы тілге деген құрмет артса іс оңалады екен.

“Ана тілімізге қазақ тіліне деген ниетіміз дұрыс болса ақырын-ақырын бұл мәселе мемлекеттік тілдің дәрежесі өз орнына шығады деп сенемін. Яғни қазақ жерінің түп иесі қазақ тілінде сөйлей бастаса өзге ұлыс өкілдері? Иә олар қайда барады? Олар да бұл мемлекетте тұрғысы келсе, олар өз болашағын, балаларының болашағын тек қана Қазақстанда көргісі келсе олар да қазақ тілінде сөйлеседі”, – дейді Азат Перуашев.

Тіл мәселесін бір кісідей көтеріп жүрген Ержан Еңсебай көп сылтаудың күрмеуі бір екенін айтады. Қоғамда қажеттілік қашан туады, сол кезде бұл проблемаға айналып келе бермейтін боламыз дейді.

«Менің жеке азаматтық пікіріме келер болсақ, бұл қажеттілікке барып байланысады деп ойлаймын. Себебі, қоғамда қажеттілік болмағаннан кейін, адамға онсыз да комфортно дейді ғой. Қызмет бабында, қоғамдық жерлерде болсын мүмкіндігі болса сол бір себебі деп ойлаймын», – дейді қалалық әкімдіктің “Руханият” КММ басшысы Ержан Кеңесбай.

Бұл жиынның басты себебі инновациялық технологияларды таныстыру еді. Сол арқылы латын негізді қазақ әліпбиін халыққа үйретуді көздейді мамандар. Түрлі веб-сервистер, электронды сөздердің сипаттамасын көрсететін іздеу жүйесі, кирилл әліпбиіндегі материалды латынға аударатын конвертер дейсің бе бәрі бар. Жасалып қойды. Бағыты қандай?

Міне, көпшілікке керек деп, министрліктің қаржылық қолдауымен жасалды. Енді қажетсінсек қолданамыз, керек жоқ болса ол да қалады. Тұсаукесерге арнайы шақырылған мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбеков құттықтау сөзін айта келе көңілінде алаң барын жасырмады.

Кеше ереже жарияланды. Енді күтетін ештеңе жоқ! Алаңдайтын, жалтақтайтын ештеңе жоқ. Осы енді аударма әліппе болып қалмаса екен деп армандаймын. Анаған көп жалтақтай бермесек. Анау деп тұрғаны сол кирилл әліпбиі. Көз көргендер алдымен орысша жазылып, кейін шала жансар аударылатын қазіргі қазақ тілі үшін алаңдайды. Тілдің тазалығы үшін латын әліпбиін қабылдадық, енді оның өзі тәржімалаудың бір әдісі ғана болып қалмаса болды дейді ел ағалары.


Тіл туралы 7 өлең

Талқылау