Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызметкерлер қан тапсыру үшін кезекте тұрған Ақтөбе әкімін танымай қалды

Ақтөбедегі қан орталығынан көмек сұрап келетіндердің емес, керісінше қан тапсыруға келетіндер саны артып келеді. Олардың қатарында қала басшысы мен мекеме жетекшілері де бар болып шықты.

Биылдыққа қала әкімі Ілияс Испанов үшінші рет қан тапсырайын деп жүр. Кезекте билік партиясы филиалының басшысы Дариға Исмағамбетова мен жастар қанатының жетекшісі Асылжан Бүркіләлин де бар, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

«Испанов қала әкімі болып тағайындалған бойда біздің орталыққа келген. Алайда, оны бірден тани қоймадық. Тіркеу бөліміндегі қызметкерлер қызметін сұраған кезде ғана оның әкім екенін білді», деді облыстық қан орталығы директорының орынбасары Гүлсім Әбдірахманова.

Ал, «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дариға Исмағамбетова бұрын жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып жүргенде-ақ қан тапсырып отырған.

Тұрақты донорлардың бірі — «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Асылжан Бүркіталин қараша айында ғана үш рет қан тапсырыпты.

Тағы да оқыңыз:

«Голос. Дети» шоуына қатысқан он жасар Данелияның анасы: Қызымның аты Дәнел болуы тиіс еді

Қытайдың ең бай бизнесмені Димашқа сыйлық берді

11-сынып оқушысы: Ләйлә Сұлтанқызының тікелей эфирдегі сөйлеу этикасы көңілге қона бермейді

Талқылау