Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық министрлер “пара алғыш” қызметкерлерінің кесірінен отставкаға кетуі мүмкін

Қазақстандық министрлер қызметін адал атқармайтын қол астындағы қызметкердің кесірінен отставкаға кетуі мүмкін. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі мәлімдеді. Олар осыған байланысты заң жобасын әзірлеп, оны мәжіліс депутаттарына жіберді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеп.

Қызметіне адал емес қарамағындағылардың кесірінен министрлер отставкаға кетуі мүмкін

Бұл жаңалық жайлы бірінші болып энергетика министрлігінің қызметкерлері агенттік төрағасының орынбасарынан тікелей естіді. Және ол кездейсоқ емес.

Биылғы жылы департаментте екі жоғары дәрежелі шенеунік қамауға алынған болатын. Алдымен вице-министр Ғани Садыбеков миллиард теңге ұрлады деп күдікке ілінді. Бірнеше айдан кейін бюджеттен 800 миллион жымқырды деген күдікпен Бақытжан Жақсалиев айыпталған еді. Тергеу мәліметтері бойынша, екі вице-министр де Щучинск-Бурабай аймағындағы көлдерді тазалауға бөлінген ақшаны қалталарына салып, жағдайларын жасамақшы болған. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік заң қабылданған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстардың саны азаяды деп сенім білдірді.

Сыбайлас жемқорлықпен айналысқан қызметкерлері үшін тек министрлер ғана өз мансабымен жауап бермейді, сондай-ақ әкімдіктер мен департамент басшылары да заң алдында жауап береді.

«Заңсыз өтемақы туралы ұсыныстарды доғару керек. Бұл жерде көшбасшылар үлкен рөл атқарады. Қазір біз сыбайлас жемқорлықпен айналысқан қызметкерлерді жауапқа тарту кезінде басшылардың жеке жауапкершілігін белгілеу үшін Парламентке жүгіндік. Егер мәселе саяси мемлекеттік қызметшілерге қатысты болса, онда біз саяси жауапкершіліктен – отставкаға кетуге міндеттіміз»,-дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау