Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызғаныш үшін: Түркістан облысында полицей ер адамға сес көрсетіп, бетіне түкіріп жіберді (видео)

Желіде Түркістан облысында полиция қызметкерінің ер адамға сес көрсетіп, түкірген видеосы тарап кетіп, көпшіліктің ызасын келтірді, деп жазады Stan.kz.

Қызғаныш үшін: Түркістан облысында полицей ер адамға сес көрсетіп, бетіне түкіріп жіберді (видео)

Видео Руслан Жанпейісовтің Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды. Анықталғандай, видеодағы ер адамШардара аудандық полиция департаментінің ішкі істер бөлімінің взвод командирі боп шықты.

Ол желіде тараған видеода ер адамға сес көрсетіп, кемсітіп, бетінен ұрып, оған түкіреді.

Назар аударыңыз, видеода бейәдеп сөздер айтылады!

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Біздің полиция қызметкерлері не болып бара жатыр? В кого превращаются наши полицейские?!

Публикация от Руслан Жанпеисов (@ruslanzhanpeissov)

Аталған фактіні Түркістан облыстық полиция департаменті растады. Полицейдің әрекеті «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізімдемесіне тіркелді.

Ведомство мәліметінше, полицей қызметтік тексерістен кейін қызметінен босатылды.

«Қызметкердің заңға қайшы әрекеті қызғаныш үшін болғаны анықталды», – дейді полиция департаментіндегілер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Талқылау