Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызғаншақ бизнесмен анасымен кездеспек болған сүйіктісін аяусыз ұрып тастады (фото)

Ұлыбритания тұрғыны 17 жасында 32 жастағы жігітпен танысады. Алайда қыздың алғашқы махаббаты сәтсіз болды. Компания директоры Имраан Гашан оның жұмыс істеуіне, боянуына, ашық киім киюіне тыйым салған. Ал ең сорақысы анасымен кездескені үшін қызын аямай ұрып салған.

555

Бастауыш мектепте хатшы болып істейтін Рейчел Эссаид 32 жастағы директормен 17 жасында кездесе бастайды. Олар түнгі клубта танысады. Қыз 19-да, ал жігіт 20-дамын деп жастарын өтірік айтады. Осыдан соң екеуінің қарым-қатынасы басталып жігіт қызды мектебінен алып кетіп, құрмет көрсете бастайды.

Бастапқыда Имраан оның ұялы телефонды қолдануына тыйым салып, оның боянуына да қарсы шығады. Кейін келе жігіт Рейчелдің жұмысқа баруына да қарсылық танытады. Тіпті қызын ешкім көрмес үшін терезені темір тормен бекітіп жауып тастайды.

9898

Ал қыз өз анасымен кездеспек болған кезде Имраан оған қол көтерген. Зардап шегушінің айтуынша, ол туысының үйіне баратын автобусқа міну үшін аялдамаға барған. Ал Имрааан болса оны көлігімен қуып жетіп, отыруын сұрайды. Артқы тұстан қоғамдық көлік келіп қалып, сигнал берген соң қыз бірден жеңіл көліктің салонына отырады. Ал жігіт болса Рейчелге ренжіп, оны жезөкше деп намысына тие бастайды. Қыз бұл сөзге жылап қалса да, бизнесмен өз сөзін жалғастыра береді. Осы кезде қыздың телефонына хабарлама келіп қалып, жігіт оның телефонды пайдаланғаны үшін қыздың қолынан тістеп алады. Рейчел қашып құтылмақ болған кезде жігіт қуып жетіп оны тұншықтыра бастапты.

Безымянный

Осыдан соң Рейчел жігітінен кетудің қамын ойластырады. Өгей әкесі қыздың құтылып шығуына көмек береді. Алайда Рейчелді оңайшылықпен жібере салғысы келмеген бизнесмен өлтірем деп қорқытқан.

Оқиғадан соң Рейчел Имраанды сотқа береді. Белгілі болғандай жігіт бұрын банк тонағаны үшін сотталған екен.

8787

Сот қазір Имраанның екі жыл көлемінде Рейчелмен араласуына тыйым салды. Сондай-ақ, бизнесмен 28 апта түрмеде отырып, айыппұл төлеуі тиіс.

Оқи отырыңыз:

Қосымша жезөкшелікпен айналысқан тележүргізушіні жұмысынан қуды (фото)

АҚШ-та әуе компаниясы қызметкерлері емделушісіне асыққан дәрігерді ұрып, ұшақтан түсіріп тастады (фото,видео)

Әйгерім есімді бойжеткен Франция астанасында қазақ мәдени орталығын ашқан (фото)

Тележүргізуші тікелей эфир барысында күйеуінің көз жұмғанын хабарлаған

Талқылау