Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде қызғалдақ жұлғандар 3 жылға қамалуы мүмкін

Жамбылдық журналистердің прокуротураға арызданғанынан кейін қызғалдақ өсетін мекенге күзет қойылды. Өйткені елімізде Қызыл кітапқа енген қызғалдақтардың жойылып кету қаупі бар.

20160413064430

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Облыс прокурорының аға көмекшісі Асқар Дастан Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды заңсыз алу, сақтау, сату, тасымалдау не жойып жіберу әрекеттері бойынша ҚР ҚК 339 «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бабына сәйкес 3 мың АЕК көлемінде айыппұл төленеді немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыратынын айтты.

20160413064426

Асқар Дастан Қызыл кітапқа Альберт, Биберштейн, Борщев, Грейг, Зинаида, Кауфман, Колпаковский, Корольков, Леманновский, Островскый, Регель, Шренк және ұзақмерзімді, қысқа мерзімді, әртүрлі жапырақты қызғалдақтардың енгенін ескерте кетті.

Жамбылдық журналистердің прокуротураға арызданғанынан кейін қызғалдақтар өсетін мекенге күзет қойылды.

Тараз экологтары көп жылдан бері қызғалдақтардың адам қолынан азайып келе жатқанын айтып келеді. Қызғалдақтар тұқымы арқылы өздігінен көбейеді. Егер оның гүлін жұлып алса, өсімдіктің қоректене алмай өліп қалатынын белгілі. Қызғалдақтар солай жойылып кетуі немесе біраз жылға дейін өспеуі мүмкін.

20160413064433

«Берікқара каньоны ресми түрде әлемгі қызғалдақтардың отаны аталған. Әлем елдеріне таратылып жатқан голландиялық қызғалдақ тұқымы да дәл осы жерден алынған. Бұл жер Жамбыл облысының ғана емес, еліміздің де мақтанышы», – дейді Асқар Тілебаев.

Талқылау