Қыздың некеге дейін пәктігін сақтағаны дұрыс па?

Бейсенбі, 25 Тамыз , 2016 11:08

Алматылық Алтынай есімді бойжеткен қыздың пәктігін сақтағаны қаншалықты дұрыс екенін білу үшін ақыл-кеңес сұрап хат жазған. Осы орайда қыздардың пәктігін сақтаудың дұрыс-бұрыстығы жайында мамандар мен халық пікірін ұсынамыз.

2002cc45d10d64367f3c1151fd1472ca-1

Бұл туралы Жас Алаш газеті хабарлайды.

–Бұл мәселенi екi жастың өзара келiсiп, шешкендерi дұрыс деп ойлаймын. Жалпы, қазақы тәрбиедегi қыздардың абыройлы болуы маңызды саналады. Бұрындары босағаны адал аттамаған талай қыздың тағдыры тәлкекке түскен. Бiрақ қазiр пәктiк туралы адамдардың пiкiрi әрқилы.

Көбiнесе қыздың адалдығына жiтi мән беретiндер елiмiздiң оңтүстiк, батыс өңiрлерiнiң тұрғындары деуге болады. Қазақы салтты берiк ұстанатындықтан болса керек, осы аймақтағы ағайындар қыздың “таза” болуын қадағалайды. Бiр жағынан қарасақ, отбасылық алғашқы күннен бастап, жұбайлардың бiрiне-бiрiнiң адал болғаны орынды-ақ. Әсiресе, қыздың етегi түрiлмеген абыройлы болуы дұрыс ақ.

Ал екiншi жағынан алсақ, сол “қыздық белгiде” тұрған не бар? Мәселен, пәктiгiмен босаға аттап, келiндiк мiндетiн мiнсiз атқарған талай келiншектер бар. Бiрақ соның қадiрiне жетiп жатқан күйеуiн көрмейсiз. Жоғарыда осы салттың оңтүстiкте мықты ұстанатынын айтып өттiк. Сол жақтың кейбiр әйелдерiнiң көрген күнiн дұшпаныңызға тiлемейсiз.

Күңдiктiң қамытын мойнына iлiп, күйеуiнiң жуан жұдырығына көнiп жүргендерi қаншама. Қыздай алған келiн­шегiн алақанында аялап өтетiн еркек кемде-кем деп ойлаймын. Екiн­шi жағынан сүйiп қосылып, бiрақ сол “қыз еместiгi” өздерiне сор болған да отбасылар жеткiлiктi. Еркектердiң өзiмшiлдi­гiнiң кесiрiнен iште бұққан “арам ойдың” әйтеуiр бiрде болмаса да бiрде бас көтермесiне кепiлдiк тағы жоқ.

Десек те, маман ретiнде жұбайлардың жарастығын осындай “пәктiк пердесiмен” шырмап байлауға болмайды дер едiм. Жастардың өзара түсi­нiсiп, бақытты болуына салт-сананың тосқауыл болғанын қолдамаймын. Оның үстiне кез келген отбасының ажырасуына жетпiс, сексен пайыз төсек салқындығы себепшi болатынын ұмытпайық. Тө­сек­те жарасқан жұбайларды ешбiр әлеу­меттiк, дәстүрлiк, не өзге де кедергiлер ажырата алмайтыны әдеқашан дәлелденген.

Керiсiнше, бақ дәулетi асқан, күндiзгi өмiрi шат-шадыман болып, түнде төсекте бiр-бiрiне терiс қарап жататындарды жiппен байлап ұстап тұру мүмкiн емес. Мұнан шығатын қорытынды, мың жерден салт-сананы ұстансақ та, ХХI ғасырдың жастарына ақ төсек туралы ұғымның маңызын түсiндiру өте қиын. Өйткенi олар қолжетiмдi ақпарат арқылы өзiне ненiң қажет, ненiң қажет еместiгiн үлкендерсiз де бiлiп алған, – дейді сексопатолог Майра Сейсенбаева.

«Жiгiттiң ата-анасы қыздың пәктiгiне мән бермейтiн “жаңаша көзқарастағы” адамдар болса жақсы. Ал олай болмаса ше? Қазақ бар жерде ақ босағаны адал аттау түсiнiгi де болатынын ескеруiмiз керек. Қыздың адалдығына көз жеткiзетiн жiгiт болғандықтан, екеуара бұл мәселенi талқыға салуы керек. Жүректерi бiрiн-бiрi қалап, ал тәндерi табыса алмаса, мұның арты жақсы болмайтыны даусыз. Қыз бен жiгiт өз қалауын ортаға салып, шаңырақ көтермес бұрын “жабық” тақырыптарды да сүзгiден өткiзуге тиiс. Әйтпесе, “iшiмдегiнi тап” деумен түйiн шешiлмейдi», – дейді психолог Оразбек Омаров.

«Қыздың пәктiгiн сөз етудi ескiлiктiң сарқыншағы деп бiлемiн. Жалпы, осындай түсiнiктегi еркектердi суқаным сүймейдi. Қыздарды абыройсыз ететiн жiгiттер өзiмiз ғой?! Сөйте тұрып, олардан тазалықты талап етемiз. Былтыр қарындасымды мектеп бiтiрмей жатып, алып қашып кеттi. Қыз болып босаға аттаған қарындасым қазiр әйел болып үйде отыр. Жасы он жетiден ендi асқан қарындасыма “қыз емес” деп мұрын шүйiрген еркектi көрсем, тұмсығын бұзар едiм.

Өйткенi оның пәк­тiгiнiң қадiрiне жетiп, аялай алмаған өзiмiз сияқты бiр жiгiт. Қыздардың абыройынан айырылуына ең алдымен өзiмiз кiнәлi екенiмiздi мойындауға қорқамыз. Сондықтан тырнақтың астынан кiр iздеп, далбасалаймыз. Егер менiң қолымда болса, “пәктiк пердесi” туралы тар түсiнiктi “күн тәртiбiнен” мүлде алып тастар едiм», – дейді Данияр есімді студент.

«Жасым қырықтан асса да, әлi “қызбын”… Осылай десем, маған күдiктенiп қарайтын адам көп болатын. Ал қазiр мүсiркеп қарайтындар көбейдi. Үйiм, қызметiм,өзiме жетерлiк дәулетiм бар. Бiрақ әйел бақыты дегеннен жұрдаймын. Абыройымды сақтап, босағаны адал аттауға тиiспiн деген түсiнiкпен өмiр сүрдiм. Жас кезiмде құрбыларыма ерiп, сауық кештерге бару, күлiп-ойнау, жiгiтпен қыдыру дегендi “бұзылғандық, жеңiл­тектiк” деп түсiндiм. Оның үстiне ата-анамның қатал тәрбиесi мен санама сiңiрген қыз туралы қағидалары еркiн жүруiме тұсау болатын. Қазiр әке-шешем бақилық болды.

Өзiмнен кейiнгi iнiлерiм үйлi-баранды. Менiмен iсi жоқ. Төрт қабырғаға қарап, “абыройлы” жатқаныма күйiнгенiм­мен, ендi тым кеш… Оның үстiне жасым келген сайын кiрпияздығым басым түсiп, денсаулығым сыр берiп, соқа басым сопайып қалдым. Өзiммен қатарлылар отбасылық қызықтарымен жүргенде, тiземдi құшақтап қалғаныма өлердей өкiнем. Талай құрбымның босағасын адал аттамағанын бiлем. Алайда солардың шаңырақтары шайқалып, қирағандары некен-саяқ. Жалпы, қазақ қыздарының өмiрдегi өзiне тиесiлi нәрселердiң ешбiрiнен құр қалмауын тiлеймiн. “Қыз емессiң” деп кекiрейе­тiн еркектен есi дұрыс әке шықпайтынын ұмытпау керек. Күйеуге шығуды емес, қыздың балалы болуды жетiстiк санағанын дұрыс көрем, – дейді Алмагүл есімді әйел.

«Әрбiр қыздың некелескенге дейiн абыройын сақтағаны дұрыс. Мұсылман қызының төсегi адал болуы шарт. Сондықтан пәктiк мәселесiне мән беруiмiз керек. Тұрмыс құрғанға дейiнгi төсек қатынасы адалдыққа жатпайды. Қазiргi жастардың “азаматтық неке” дегенiн “бұзылғандық” деуге болады. Қандай жағдай боса да, қыздарымыз адалдығын босаға аттағанша сақтауы керек», – дейді Бибігүл есімді отбасылы келіншек.

«Алған жарыңның абыройлы болғаны дұрыс. Егер әйелiм өзiме адал болып келмесе, онымен әрi қарай бiрге өмiр сүрмес едiм. Мың жерден құлай сүйiп тұрсам да, мен үшiн қыздың абыройы бәрiнен биiк. Саған дейiн пәктiгiн сақтамаған әйелдiң сенен кейiн  сақтарына кепiлдiк бар ма?!», – дейді дәрігер.

Жіберіп алмаңыз:

Қыз пәктігі сатылымда: қазақстандық еркектер 5-7 мың доллар төлеуге дайын

Елімізде бойжеткендер 40 мың теңгеге пәктігін қалпына келтіріп жатыр

Қомақты қаржыға пәктігін сатқан 9 қыздың оқиғасы

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • казак says:

    Кыз пак болуы керек паксиз кыздар толып жатыр женил журисти ондай кыздар бир кундик

  • Аноним says:

    Қыздың пəк болып тұрмыс құрғаны дұрыс. Атыраудың жігітеріне бəрібір олар ала береді.

  • Анонимно says:

    Кыз ,ак босаганы адал аттауы керек,кыз адал боп шыкпаса,онын буган дейин не истегенин бир алла биледи,кудай сактасын

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар