Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыздарша сәнденген шымкенттік әнші “Голос” телешоуына қатысты (видео)

Yanis Stone лақап атымен өнер көрсететін 23 жастағы шымкенттік Янис Каменидис украиналық “Голос” шоуына қатысты.

бр

Сурет otyrar.kz

Көрмей тыңдау кезеңінде әнші “Танцы на стеклах” шығармасын орындаған, алайда тәлімгерлердің ешқайсысы оны өз тобына алған жоқ. Өнер көрсетіп болған соң қазылар мүшесінің бірі Потап кімнің орындап тұрғанын көргісі келіп қарап, оны Иван Дорнға өз тобына алуға кеңес етті. Мұның алдында Потаптың тобы толыққанды жасақталып қойған екен. Өз кезегінде Дорн Янистің әнді жеңіл орындағанын айтты.

Сұхбат берген Янис әнді қатты бұзбадым дейді.

оьрп

“Голос” тек жағымды әсер қалдыра алды, бұл үлкен тәжірибе және менің шығармашылық жолымдағы кезекті баспалдақ. Мен Иванмен келіспеймін. Әнді лирикалық бағытта орындап, соңғы нүктесін сәтті қоя алдым”, – деді ол.

Сонымен қатар, шоудың редакторлары да Янистің сыртқы келбетіне назар аударды.

“Мен Шымкентте үнемі қысылып жүремін. Өзімді шектеулі шеңбердегі адам сияқты сезінетінмін. Айналамдағы адамдар мені түсінбей, үнемі сынап жататын. Мен адамның сырт келбетіне қатысты стеоротипті бұзғым келді. Мен сонда да клоун емеспін, кәдімгі шығармашылық адамымын”, – дейді әнші.

Қазір Янис өзінің жеке шығармашылық бағытымен айналысу үстінде.

Талқылау