Қыздарға кеңес: Боянғанда ескерілуі тиіс дүниелер

Жұма, 19 Мамыр , 2017 15:00

Жаһанның сұлулық туралы түсінігі өзгергелі қа­шан? Әлбетте әр ұлттың сұлулыққа қа­тыс­ты ұстанымдары болса да, бұл ғасыр осы танымдар мен түсініктерді ысырып ке­­леді. Жаһандану деген осы.

thumb2-4613d9fd7a0224d46f1df1bd2d1f1b2f

Енді, міне, сұ­­лулық деген үлкен бизнес көзіне айнал­ды. Әлемдік экономикада beauty бизнес, beauty индустрия деген терминдер де қа­лып­т­асты. Тіпті, экономикасының негізгі кі­рісі косметикаға қатысты елдер бар екенін ес­керсек, сұлулықтың үлкен индустрия еке­ніне келісуге тура келеді, деп жазады Егемен Қазақстан.

Бір жағынан бьюти индустрия жаһанның көз­қарасын теңестіретін бір тетік. Тіпті, бизнестің бұл саласы сол ғаламдасудың бүлкілдеп тұрған күре­та­­мыры десек те болады. Мысалы, соңғы он жылда арық қыздар трендке айналды. Соның арқасында дие­тологтарға, фитнес залдарға, арықтауға арналған дә­рі-дәрмек өндірушілерге толассыз нәсіп табылды. Сол сән бикештерше бояну мен киіну, соңғы трендтен қалмау, брендтерді түгендеу – осы кәсіпті үлкен индустрия деңгейіне дейін өсіріп жіберген.

Психологтар жарнаманың ерлерге қарағанда әйел­дерге өтімді екенін баяғыда дәлелдеген. Ал қы­рағы көзді масс-маркет бұл мүмкіндікті жібере қой­майды. Соның арқасында    бүгінгі әйелдер дүниені дағдарыс түгілі аждаһа жұтқалы тұрса да, боянуын тоқтатпайтын дәрежеге жетті. Бояумен бірге тумақ жоқ, бірақ жанын беруге дейін баратын нәзік жандылар бар. Нәзік жанды демекші, индустрия жасаушылар нәзік психиканың осал тұстарын баяғыда-ақ торға түсіріп қойған. Бірақ бұл да бір құмар ойын секілді адам психикасына әсер ету арқылы ақша жасау екендігін тіс жарып ешкім айтқысы келмейді. Несі бар? Сұлу болған жаман ба? Бірінен бірі өтіп тұр­ған сұлулық жер деген ғаламшардың маңдайына тар келеді дейсің бе? Бұл beauty индустрияға қыс­қа­ша ғана шолу болсын. Енді осы саланың бүгінгі ты­нысына тоқталайық.

Бьюти тренд

Әлемдік деңгейдегі визажистер биыл бикештерге боянғанда әлпеттегі табиғи реңкті сақтауға мән беруге кеңес береді. Және кәсіби макияж – қиын деген қағиданы ұмытатын кез келді. Қолжетімді бояулармен-ақ бет мүшелерін айқындап шығуға болады. Қазір ерінде ұзақ сақталатын қарындаш пен су құрамды сұйық хайлайтерлер трендке айналған. Егер тональды кремді су құрамды хайлайтерге араластырып жақса, жоғарыда айтқан табиғи қабат түзілген болар еді. Бұл тәжірибе визажистер тарапынан тексерілген. Ал қызғылт түсті далаптардың сәнді екенін айтудың өзі артық шығар. Неге десеңіз, баяғы табиғилықтың сәнге кіргенін көлденең тартамыз. Содан соң бір талдап жабыстыратын кірпіктер, лента­лы кірпіктерге орнын берді. Ленталы кірпіктер адам­ның өз кірпігіне зиянын тигізбейді. Сосын визажистің көмегінсіз, өзіңіз жабыстырып, алып тастауыңызға болады. Сол сияқты сояудай тырнақтар да сәннен қалды. Енді тырнақты өсірмей, оны ашық қызғылт, сары, яки көгілдір түске бояған дұрыс.

Жазда қалай бояну керек?

Жаздық макияжда ерінді қанық түстермен бо­яудан қорықпау қажет. Ерін бояғы ұзақ күнге сақ­талу үшін тинттерді пайдаланса болады. Тинт ко­рейлер ойлап тапқан тренд. Құрамындағы бояу­шы пигмент теріге тез сіңіп, 10 сағат бойы ерін боялғандай алқызыл түске енеді. Кейінгі кезде визажистер қауымы тинтті өңлік (румяна) ретінде бетке де жағып жүр.

Әлемдік бьюти блогерлер тинтке анық­тама бергенде далап және өңлік қызметін ат­қа­ра­тын косметикалық төңкеріс дегенді жиі жазуда. Ал теріні күннен қорғау үшін SPF кремдерін пай­даланған дұрыс. SPF кремдерін ультракүлгін сәу­лелерден қорғайды. Олардың құрамына қарай, қор­ғау қуаты да әртүрлі болады.

Ұзын көйлекпен кроссовка киген ерсі емес

Ұзын көйлектер мен белдемшелер бикештерді сұлу әрі тартымды етіп көрсетеді. Ал осы киімдерді ке­дамен немесе кроссовкамен киюге болатынын білесіз бе? Әрине, фитнеске барғанда немесе мара­фон­ға киетін кроссовканы ұзын белдемшемен киюге келмейді. Көйлекпен киетін аяқкиімнің бұл түрі сүй­кімді әрі сүйірлеу келеді.

Кэжуал деген не?

Кэжуал (Casual ағылшын сөзі) ыңғайлылық пен еркін қозғалып тұруға негізделіп тігілген киім. Бұл стиль түрі ХХ ғасырда Еуропада пайда болған. Клас­сика мен спорттық стильдің үйлескен түрін ке­зіктірсеңіз кэжуал деп ұққайсыз. Кроссовка мен көй­лек кию де осы стилдің белең ала бастағанын бай­қатады. Қазақстандағы бьюти индустрия нарығы соңғы 5 жылда 15,8 пайыз өсіпті (Forbes журналының мәліметі). Демек бұл бизнестің болашағы әлі алда деген сөз. Дағдарысқа дес бермейтін экономиканың бұл саласын дұрыстап қолға алса, пайдаға кенелуге болады. Оның үстіне, бетмайлар мен бояуларды жасау барысында азиялық, шығыстық болмыс деген түсінік бар. Осы тұрғыдан алғанда өзіміздің табиғи өнімдерден алынған косметкалық өнім, біздің табиғатымызға жақын болмақ.

Айнұр Төлеу

Тағы да оқыңыз:

Тек ерлерге ғана арналған кеңестер

Психиолог кеңесі: Күйеуің адал болу үшін не істеу керек

6 жасар қыз макияж жасау әдісін көрсетіп, бойжеткендерді қайран қалдырды (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар