Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыздарды құтқармақ болған: Таразда 13 жасар бала суға батып кетті

Таразда бала қалалық жағажайдағы отбасылық демалыс кезінде қайтыс болып кетті.

Қыздарды құтқармақ болған: Таразда 13 жасар бала суға батып кетті

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қайғылы оқиға 16 шілдеде Зербұлақ көлінде орын алған. Құтқарушылар судан 2005 жылғы баланың денесін алып шықты. Сонымен қатар 2004 және 2005 жылы дүниеге келген екі қызды құтқарды.

Куәгерлердің сөзінше, балалар жағажайда өз отбасымен бірге демалып жатқан. Осы кезде бала туыстас қыздарды таппай қалып, оларды құтқару үшін жүгіре жөнелген. Сүңгуірлер баланың денесін судан алып шыққанымен, кеш болған еді.

Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілердің мәлімдеуінше, жағада кезекшілік етіп жүрген құтқарушылар екі қызды құтқарып алған. Олардың біреу ессіз күйде болса, екіншісі есін біліп жатыпты. Нәтижесінде екінші қызды аман алып қалу мүмкін болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау