Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыздарды құлдықта ұстаған әйгілі мұнай магнаты сотталды

Британиялық миллионер Шодже Шоджаи 12 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол тоғыз манекенші қызды секс-құлдықта ұстады деп айыпталған. Арасында қазақстандық қыз да бар екен.

евц

Сурет telegraph.co.uk

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Екі жыл бұрын лондондық модель мектебінің студенттері мұнай магнаты Шоджа Шоджаидың өздерін алдап тұзаққа түсіріп, қамап қойғанын хабарлады. Ол қыздарға фешн-индустрияға жол ашып беремін деп уәде етіп, оларды Коста-дель-Сольдегі шипажайға қонақ болуға шақырған.

Мұндай ұсынысқа қуана келіскен қыздар, Испанияға барар жолда қақпанға түседі. Олар тіпті вилланың сыртына күзетшілерсіз аттап та баса алмаған. “Алтын тордағы” өмір оларға ешқандай қуаныш сыйламады. Онда Шоджа оларды қалағанынша зорлап тұрған. Нәтижесінде секс-құлдыққа жегілген қыздар, оған жеті бала туып берген.

Талқылау