Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыз ұзатуды кәсіпке айналдырған Гүлзира Айдарбекова бір тойдан қанша табыс табады

Соңғы кездері қыз ұзатып, тағы бір қырын танытқан Гүлзира Айдарбекованы желідегілер сынға алған болатын. Пысық продюсердің бұл қадамын қалтасын қалыңдатудың қамы деп топшылайтындар көп екен. Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне сұхбат берген Қайрат Нұртастың анасы, жаңа қырының құпияларын ашты.

Қыз ұзатуды кәсіпке айналдырған Гүлзира Айдарбекова бір тойдан қанша табыс табады

Әншілік өнерімен танылған Үсенқызына, ұзату жайлы түрлі ұсыныстар түседі екен.

«Тіпті орыс тілді адамдар да шақырып жатыр. Мысалы, «Арман» фильмінде ақтарушы продюсер болған Рая Төкенқызы деген кісі бар. Сол кісі маған хабарлама жазып жіберіпті: «Гүлзира, егер де менің немерем бойжеткен кезде, мен арғы дүниеге аттанып кетсем саған тапсырамын. Сен қалай да осы қызымды ұзатасың. Саған өтініш» – деді. Мен жарайды деп келістім.

Менің аяқ киімімді алып, ұзату тойына киген қыздар да болды. Сіз қызымызды ұзатсаңыз деп қаншама адам маған телефон соқты. Мен әнші емеспін, ұят болады деген болатынмын. Бірақ бәрі осы әніме дүрліге берді. Одан кейін ойлана келе қыз ұзатқанда тұрған не бар деп келістім», – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Бүгінде қыздар жайлы ән жазып, тойдан табыс табу отандық шоу-бизнестегілер арасында белең алып барады. Айдарбекованың айтуынша, ата-анасы әлпештеп өсірген аруды кез-келген адамның ұзатуы дұрыс емес.

«Балаларыңызды жеткіздіңіз, немерелеріңіз бар. Ажырасып кеткен жоқсыз. Біреудің отбасын бұзған жоқсыз. Қалай да сіз сияқты болса екен деп үміттеміз деген сияқты ұсыныстар болды. Негізі қыз ұзатқан кезде неше түрлі ырымдар болады. Ажырасқан, басында ауыр тағдыр болған әйелдер негізі қыз ұзатпайды. Біздің қазақ ырымдап көп балалы ана немесе жұртқа өнеге болатын аналарға ұзатқан», – дейді Қайраттың анасы.

Бастапқыда бұл кәсіпті бизнеске айналдыру үш ұйықтаса түсіне кірмеген. «Қыз ұзату» туралы әнді туыстарының өтінішімен жарыққа шығарыпты.

«Қыз ұзату – әншілік емес. Ол жұрттың сұрауымен болған нәрсе. Қайын бикемнің қызы тұрмысқа шықты. Сізден тәлім-тәрбие алдық. Қолыңызда өстік. Енді қызымызды ұзатып жатырмыз. Сондықтан қызымыздың сіз сияқты ана болғанын қалаймыз деп ұсыныс тастаған болатын. Көңілдерін қиған жоқпын. Содан кейін ұят болмасын деп арнайы ән жаздырып, сөзін өзімнің идеяммен бірлесіп отырып жаздық», – дейді продюсер.

Алғашқыда ет-жақындарының қызын ұзатып жүрген Гүлзира ханым қазір шыңдалған. Бүгінде еліміздің әр аймағынан сұраныстар көп. Шоу-бизнестің қыр-сырын жетік меңгерген продюсердің алатын гонарары да бар көрінеді. Бірақ қаламақысының құнын құпия ұстағасы келеді.

«Қаламақы жағын айтпаймын. Өздері көйлектерін кигізіп жатады. Мен де ырымын жасап барып жатамын», – деп Гүлзира Үсенқызы қысқа ғана қайырды.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Талқылау