Қыз суға батып жатқанда, ер адамдар қарап тұрды: Ақтөбеде 15 жастағы мектеп оқушысы қайтыс болды

Ақтөбедегі демалыс орындарының бірінде 15 жасар қыз суға батып кетті. Қайғылы оқиға 29-шілдеде қаладағы «Алау» жеке меншік жағажайында болды.

Қыз суға батып жатқанда, ер адамдар қарап тұрған: Ақтөбеде 15 жастағы мектеп оқушысы қайтыс болды

Бұл туралы Ақтөбе Тайм хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сол күні үш қыз жағажайға ересек адамдарсыз келген. Шомылу кезінде қыздар суға батып кетіп, айқайлап көмек сұрады. Бақытымызға орай, жақын маңда бірнеше ер адам болып қалды. Олар қыздардың жанайқайын ести сала судағы бойжеткендерді құтқаруға ұмтылды. Өкінішке орай, ондағылар қыздардың тек екеуін ғана құтқара алды. Ер адамдар шамамен бір сағат бойы баланы табуға тырысып еді, бірақ нәтижесіз болды. Суға кеткен 15 жастағы қыздың денесін возолардар алып шықты.

Қайғылы оқиғадан кейін жағажайдағы демалушылар наразылық білдірді. Олардың айтуынша, жағажай суға түсуге арналмаған.

«Біз де осы жағажайда болғанбыз. Онда жағалау 7 метрге дейін жайпақ, ал кішкене жүрсең бірден тереңдеп кетеді. Өте қауіпті жағажай. Алға қарай кішкене жүре қалса шомылу білмейтін адам сөзсіз батып кетеді. Қыз суға батып бара жатқанда жағажайдың дәл ортасында екі жігіт отырды. Құтқарушылар ма, басқа біреулер ме ол жағы белгісіз, бірақ олар айналасына бұрылып та қарамады»,-дейді оқиға куәгері.

Суға батып, қайтыс болған жасөспірімнің апайының үйіне демалысқа келгені анықталды. Сол күнгі ыстық жексенбіде ол жағажайға құрбысы және әпкесімен бірге келген.

«Бұл қорқынышты оқиға біздің дәл көз алдымызда орын алды. Әлі күнге дейін өзіме келер алар емеспін. Салғырттық. Қыздар суға батып бара жатқанда екі адам ғана оларды құтқаруға ұмтылды. Ал, қалғандары жай қарап тұрды. Ер адамдар құры қарап тұрмай, бұл көріністі суретке түсірумен болды. Ал, онда не құтқарушылар да болмады»,-дейді Любовь Москальчук.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар