Қытайлықтың ішінен 6 метрлік құрт шықты

Жұма, 22 Қаңтар , 2016 13:28

Қытайдың Шиянь қаласындағы ауруханалардың бірінде дәрігерлер науқастың асқазанынан 6 метрлік құрт алып шықты.

0937b63d234e2b38313f7530908b376c_L

Бұл жайында The New England Journal of Medicin басылымы хабарлап отыр.

38 жастағы қытайлық дәрігерлерге тым арықтап кеткенін және үнемі лоқси беретінін айтып шағымданған. Соңғы екі жыл бойы оның іші ауырып, қаны да азайып кетіпті.

Дәрігерлер науқасты қарап шығып, ешқандай аурудың белгісін таппаған. Алайда, қаны мен зәрін тексерген кезде оның құрамынан өгіз құртының тұқымдары табылыпты. Дәрігерлердің дереу араласуынан кейін зиянкес сыртқа шығарылды, оның ұзындығы – 6,2 метр.

Мамандардың қорытындысы бойынша, науқастың асқазанында аталған құрт шикі ет жей бергеннен пайда болған. Дәрігерлер бұл жайтқа таң қалмаған. Себебі, бұған дейін де асқазанында 10 метрлік құрты бар науқасқа ота жасаған.

Бұл құрт ішек бойлап 10 метрге дейін тоқтаусыз өсе береді екен. Адам бойында пайда болған кезде түрліше белгі беруі мүмкін. Айталық: іштің бүріп ауыруы, жүрек айнуы, әлсіздік, тәбеттің жоқтығы, бас ауру, бас айналу және іштің тоқтаусыз өтуі немесе жүрмей қалуы мүмкін.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар