Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлықтар зағип жандарға пайдалы жүзік ойлап тапты

Қытайлық өнертапқыштар зағип жандардың тұрмысын жеңілдететін жүзік ойлап тапты. Ол жүзіктің экраны жоқ.

7e40e14e74dec9487242328084b2e718_XL

Бірақ құлағыңа жақын ұстасаң, қоңырауларға автоматты түрде жауап береді және дыбыстап айту арқылы смартфонның кез келген әрекетін орындай алады. Яғни мәтіндік хабарламаларды қабылдап, жіберуге де қолайлы. Бұл құрылғының өзгелерінен айырмашылғы – жүзіктен шыққан дыбысты тек иесі ғана ести алады, деп хабарлайды 24.kz.

Инженерлердің айтуынша, жаңа аппарат сатылымға 2018 жылдың ақпанында шығады. “Зағип жандарға экранның маңызы жоқ. Сондықтан біз өзге тұстарының тиімділігін арттыруға мән бердік. Бұл барлығымыздың өмірімізді жеңілдетеді. Ақылды жүзік сияқты құрылғылар сандық технологияны қолданушылардың әдетін өзгертеді деп сенемін”, – дейді «Оrigami» компаниясының иесі Кевин Вонг.

Тағы да оқыңыз:

Алматылық полицейлер адамшошырлық күйде өмір сүріп жатқан отбасыларды анықтады

Алматыда төбелесіп жатқан мас жігіттердің бірі полицейдің басын жарып қойды (фото)

Ақтөбелік наиб имам Меккеде қазақстандықтарды өзге ағым өкілдерінен қалай қорғағанын айтып берді

Талқылау